4«б» сынып
|
Күні:
|
Пәні
|
қазақ тілі
|
Сабақтыңтақырыбы:
|
«Менің сүйікті тағамым.Табыс септік»
|
Мұғалімі:
|
Нахметова А.М.
|
Сілтеме:
|
Қазақ тілі. 4-сынып Хазимова А.Ж, Б.У.Салыхова,М.Ж.Бейсебекова, К.Б.Тумсабаев. «АЛМАТЫКІТАП баспасы», 2015 жыл.
|
Мақсаты:
|
оқушыларға әрбір адамның көңілі сүйіп жейтін тағамы болатындығы туралы әңгімелей отырып, мәтін ішінен табыс септіктің жалғауын ажырата білуге үйрету;
|
Күтілетін нәтиже
|
А) әр оқушы өздерінің сүйікті тағамдары туралы айта алады;
Ә) сүйікті тағамдарының жасалу жолы мен адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы мәлімет айтып, ас тақырыбында мақал-мәтелдер айта біледі.
С) сүйікті тағамдары тақырыбында эссе жаза алады.
|
Ресурстар
|
Оқулық, интербелсенді тақта, суреттер, үлестірмелі қағаздар, смайликтер, оқулық видео көрсетілім, бағалау парақтары.
|
Оқыту әдістері
|
Жаңа тәсілдер: «Ережені салыстыру» , постер қорғау, серпілген сауал, диалог әдісі, «Алма ағашы» әдісі.
Сыни ойлау. «Миға шабуыл» әдісі, ой қозғау, «Үшіншісі артық» ойыны. АКТ-ны қолдану: видео көрсетілім, интербелсенді тақта.Оқыту формасы: жеке, топтық, жұптық, жаппай жұмыс.
|
Тапсырмалар
|
Ой қозғау.
Постер қорғау
«Алма ағашы» жеке жұмыс
Рөлдік ойындар
Сергіту сәті. «Үшіншісі артық» ойыны.
Қорытындылау. Смайликтермен бағалау.
Бағалау.
|
Бағалау
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау, смайликтер арқылы бағалау, топ басшысының бағалауы.
|
Сабақтың өту барысы.
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
(жұмыс түрі,орындалуы,уақыты)
|
Оқушы әрекеті (Тапсырма мазмұны)
|
|
-Амандасу.
Психологиялық ахуал орнату: жасыл- сәттілік, сары – белсенділік, қызыл – достық қарым-қатынас.
Ритмикалық кезең бойынша қазақ тілінде тіл дамыту тақпақтарын айту.
-Назарларын сабаққа аудару.
-Топқа бөлу. Әр оқушыны ұнататын тағамдары бойынша топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру.
«Серпілген сауал» әдісімен доп арқылы кезекпен бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру. Сұрақтар:
Қазақ тілінде неше септік бар?
Атау септігінің сұрақтарын айт?
Ілік септігінің жалғауларын білесің бе?
Барыс септігінің сұрақтарын айт? Жұмыстың орындалуы:
Әр топтан 1,2 оқушыдан жауап береді.
|
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бете.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Оқушылар тақтаға өз таңдаулары бойынша жасыл, сары, қызыл стикерлерді жапсырып, сәттілік, белсенділік, достық қарым-қатынасты орнатады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топта 4-5 оқушыдан болады. Әр топ топтық ереже бойынша өздерін реттеп отырады. Топ басшысы бағалау парағына өзінің тобындағы оқушылардың аты-жөнін жазады. Сабақ бойы бағалап отырады.
|
Тұсаукесер
|
I білу: 1.Балалар, қазір бізде қандай?
2. Қандай жыл мезгілі.
3. Аптаның қай күні?
Интерактивті тақтадан таныстырылым.
Қазақ тілінде жеті септік бар.
Атау септік
Ілік септік
Барыс септік
Табыс септік
Жатыс септік
Шығыс септік
Көмектес септік
Бүгін біз септіктің қай түрін өтеміз?
Ережемен жұмыс.
Постер қорғату арқылы ереже шығару.
Ой қозғау.
«Ас-адамның арқауы» видео көрсетілім. Оқушылар, бүгін біз табыс септігін өте отырып, сендердің сүйікті тағамдарын туралы да әңгіме ететін боламыз. Экранға қарайық!
|
1. Қыркүйек айы.
2. Күз мезгілі.
3. Сейсенбі.
4. Қазақ тілінде жеті септік бар.
Табыс септігін өтеміз.
Әр топқа тапсырма:
Постер қорғату арқылы ереже шығару.
Қандай жалғауларының жасалуы.
Мысал келтіру.
Оқушылар «Ас-адамның арқауы » видео көрсетілімін қарайды.
|
Негізгі
бөлім
|
Жаңа көрсетілген видео көрсетілім бойынша оқулықтағы 1,2 –тапсырмаларды орындайды.
Әдісі:Топтық жұмыс.
«Алма ағашы» әдісі.
Жұптық жұмыс.
«Миға шабуыл» әдісі.
Рөлдік ойындар.
|
30-бет, 1-тапсырма бойынша өздерінің сүйікті астары туралы толықтырып айту.
Кесте бойынша берілген сөздерге табыс септігінің жалғауларын қойып жазу.
1-топ, 2-топ, 3-топ
Топтың басшысы бағалау парағы бойынша өз тобының оқушысын бағалап отырады.
Берілген алма ағашындағы сөздерге септік жалғауларын жалғап жазу.
1-топ. Берілген сөйлемдегі сөздерге, яғни көп нүктенің орнына табыс септік жалғауларын қояды.
2-топ. Сөйлемнен табыс септігі бар сөздерді тауып, теріп жазады.
3-топ. Берілген сөздерді септейді.
Тапсырмаларды топта үлестірмелі қағаздардан дәптерлеріне орындап, талдап, оқып береді.
Диалог әдісі. 3,4-тапсырма бойынша рөлге бөліп оқиды және ауызша рөлге бөліп ойнайды.
|
Сергіту сәті
|
«Үшіншісі артық» ойыны..
1-топ: баланы, кітапты, орындыққа
2-топ: футболды, мәліметті, даланың
3-топ: көшені, сызғышпен, мектеп
|
Интерактивті тақтадан берілген сөздердің табыс септігі жоқ сөздерді анықтап, табады.
|
Бағалау
|
Әдісі: топбасшысы бағалау парағына қарай қорытынды бағаны айтады.
Орындалуы: бағалау парағы арқылы бір-бірін бағалайды.
|
Қорытынды баға қояды.
Топ басшысы өзінің тобындағы бағалаған оқушылардың бағаларын айтады.
|
Үй тапсырмасы
|
Орындалуы: табыс септік жалғауын қайталау. Мектеп, күнделік, сәбіз, айран сөздерді септеу.
|
Үй тапсырмасын қалай орындау керектігін түсіндіру.
|
Қорытынды
|
Әдісі: смайликтер арқылы.
Үш түрлі смайликтер таратады.
|
Үш түрлі смайликтердің ішінен біреуін көрсетеді
|
Сабақтың өзіндік талдауы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |