Біздің ойымызша, құзыреттіліктің мағынасы білім, білікке, дағдыға қарағанда кеңірек, өйткені олар белгілі бір бағытты, қабілетті, сипатты қамтиды.
Біздің осы ойымызды 5-кестеде берілген ғалымдардың анықтамалары дәлелдейді. Берілген анықтамаларда құзыреттілік тұлғаның кіріктірілген қасиеті, жеке қасиеті, шешім шығару іскерлігі, жеке сапасы, мінездемесі тұрғысынан айқындалған.
Кесте 5 - Ғалымдардың «құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары
Автор
|
Анықтама
|
Ш.Т.Таубаева
|
оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен
тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті
|
Б.А.Тұрғынбаева
|
өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік
мәселелерін шешуде қолдана алуы
|
М.Ж.Джадрина
|
мәселелерді өзіндік даму, өзіндік басқару, білім, икемділік,
дағдыны пайдалана отырып шешуі
|
К.С.Құдайбергенева
|
қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығару
|
Л.М.Митина
|
«білім, дағды, білік, сонымен қатар практикада, тілдесімде, жеке
тұлғаның өзін-өзі дамытуда қолданатын тәсілдері
|
Н.Кузьмина, А.Маркова,
К.Махмурян
|
білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті
|
В.Н.Шамов
|
ақиқаттың аясындағы білім, білік, тәжірибе, саналы бағдар
жиынтығы
|
М.А.Ғалымжанова
|
күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін
қабілеттілік
|
Г.Қ.Айқынбаева
|
оқыту нәтижесін өзгермелі жағдайда меңгерген білім дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу, оқушылар дайындығы
сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа
|
Ю.Н.Кулюткин
|
тұлға мінездемесі
|
Сондай-ақ, біздің диссертациялық зерттеуіміз үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі қарастырылған зерттеулер қызығушылық тудырады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде өткен ғасырдың 80-жылдарына дейін «мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» түсінігі өте сирек кездеседі. 90- жылдардың соңынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кәсіби құзыреттілік мәселесіне арналған жұмыстарды талдау (Т.Г.Браже, К.Маркова, В.Ю.Кричевский, Г.Меңлібекова, Б.Кенжебеков, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан, К.С.Құдайбергенева, К.М.Беркімбаев және т.б.) бұл құбылыстың күрделілігін, оның түсіндірмелерінің кеңдігі мен алуан түрлілігін көрсетеді.
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында біз мұғалімнің «кәсіби құзыреттілігі» (Б.С.Гершунский, Т.В.Добудько, А.К.Маркова, т.б.) ұғымын
«педагогикалық құзыреттілік» түсінігінің (Л.М.Митина, т.б.) синонимі екендігін, сондай-ақ, екі терминнің қатар қолданылатынын байқадық (Н.Н.Лобанова, т.б.). Бірқатар авторлар осы ұғымдарды біріктіріп «кәсіби- педагогикалық құзыреттілік» деген ортақ атау береді (Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, т.б.). Э.М.Никитинаның пікірінше, педагогтың құзыреттілігі оның ажырамас кәсіби және жеке сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес кәсіби және педагогикалық функцияларды орындау даярлығы мен қабілеттілігін айқындайды.
А.К.Маркова кәсіби педагогикалық құзыреттілікті – «мұғалімнің қызметін жүзеге асыруға қажетті білім, дағдылары, психологиялық қасиеттері және олардың нормативтік стандарттар мен нормаларға сәйкес іс-әрекетінің жиынтығы» тұрғысынан айқындайды. Оның педагог құзыреттілігі туралы түсінігіне үдеріс (педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, жекелік) және еңбегінің нәтижесі (оқушыларды оқуы мен тәрбиелілігі) кіреді. Ол «мұғалімнің білімі мен білігі оның еңбегінің шынайы құрылымынан тұрады», – деп жазды [51, с. 93]. Ол педагогтың кәсіби құзыреттілігін зерттей отырып, оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін дағдыларды және педагогтың жеке қасиеттерін топтастырады және педагогтың кәсіби құзыреттілігі –
«жеткілікті жоғары деңгейде педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым- қатынас, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, сондай-ақ оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізетін ерекше еңбек», – екендігін көрсетеді [52, с. 57].
Сондай-ақ, мұғалімнің кәсіби құзыретін Г.М.Коджаспирова
«педагогикалық қызметтің қалыптасуын, педагогикалық қарым-қатынастарды және белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сана-сезімді ұстаз ретінде қалыптастыруды оқытушының жеке басын анықтайтын қажетті білім» ретінде түсіндіреді [53, с. 62].
Осы айтылғандардан басқа да бірқатар ғалымдардың педагогтың кәсіби құзыреттілігіне берген анықтамаларын талдау (кесте 6) мұғалімнің кәсіби құзыреті оның жеке мүмкіндіктерін, оған педагогикалық тапсырмаларды дербес және тиімді шешуге мүмкіндік беретіндігін, кәсіби қызметіндегі теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін және т.б. қамтитындығын көрсетті.
Кесте 6 - Ғалымдардың «кәсіби құзыреттілік» ұғымына берген анықтамалары
Автор
|
Анықтама
|
В.А.Сластенин
|
жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқару мақсатында теориялық және
практикалық дайындығы мен қабілеттерінің бірлігі
|
Н.Н. Тарасевич
|
кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастыру
|
А.К.Маркова
|
педагогикалық іс-әрекет пен педагогикалық қарым-қатынас жоғары деңгейде атқарылатын, мұғалім тұлғасы іске асырылушы, білім алушылардың тәрбиелілігі мен білім беру нәтижелері жақсы нәтиже
беруші
|
Н.В.Кухарев
|
психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғарғы деңгейімен
ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы
|
Н.Н. Лобанова
|
кәсіби- білім берушілік, кәсіби-әрекеттік, кәсіби-жеке тұлғалық
|
М.И. Лукьянова
|
педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін білім мен
практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік
|
Л.Ю. Кривцов
|
маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін
сапаларының жиынтығы
|
Б. Т. Кенжебеков
|
өз әрекетiмен кәсiби iс-әрекеттiң түпкi нәтижесiне сай талаптарға
жауап беретiн жұмыстарды орындау
|
С.Г.Вершловский
|
мұғалімнің таным процесінде алынған білім мен тәжірибе негізінде
пайда болған проблемалар мен міндеттерді тез шешуге қабілеттілігі
|
Т.М.Сорокина
|
педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық
дайындығының бірлігі
|
И.А.Зязуна, Л.Г.Семушина
|
құндылық бағдарлар жүйесі, өнімді жұмыс үшін тікелей қажет болатын білім-білік, дағдылар, қоғамда оңтайлы өмір сүруді қамтамасыз ету, жұмыс және коммуникация субъектілерінің жайлылығы, сондай-ақ
жеке тұлғаны толықтай дамыту
|
Ю.К.Бабанский
В.М.Монахов
|
еңбек нәтижесіне қатысты функцияларды атқаруға мүмкіндік беретін
жағдай
|
Аталған ғалымдар еңбектерінде педагог құзыреттілігінің негізгі бағыттары көрсетіледі:
жеке және гуманистік бағыттылық;
кәсіби-педагогикалық жағдайдағы жүйелік әрекеттерге қабілеттілік;
пән шеңберіндегі бағыттылық;
заманауи педагогикалық технологияларды игеру;
ақпаратпен өзара әрекеттесу және білім туралы ақпарат беру;
кәсіби саладағы шығармашылық;
рефлексиялық мәдениеттің болуы;
эмпатия;
толеранттылық [54].
Сонымен, құзыреттілікке адамның бағыты, оның стереотиптерді жеңу қабілеті, түсінігін, ойлау икемдігін көрсету жатады. Құзыреттілік тиісті құзыреттілігі бар адамға, соның ішінде оған және оның қызмет субъектісіне деген жеке көзқарасына ие бола алу [55]. Кәсіби құзыреттілік деп маманның жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнаға тоғысуы деуге болады [50, б.190].
Ғылыми әдебиеттерде құзыреттілік пен кәсіби құзыреттілік категорияларының арақатынасы негізделген. Құзыреттілік – педагогтың ажырамас кәсіби және жеке сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес кәсіби және педагогикалық функцияларды орындау даярлығы мен қабілеттілігі болса, кәсіби құзыреттілік
педагогикалық қызметті тиімді жүзеге асыруға арналған қажетті білім, дағдылар мен тәжірибені игеру болып табылады. Бірқатар авторлар педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түрлерін анықтайды. В.В.Нестеров құзыретті педагог құзыреттіліктің келесі түрлерін меңгеру қажет деп есептейді:
танымдық (кәсіби-педагогикалық эрудиция);
психологиялық (эмоционалдық мәдениет және педагогикалық көрегендік);
коммуникативтік (қарым-қатынас мәдениеті және педагогикалық такт);
риторика (кәсіби сөйлеу мәдениеті);
кәсіби-техникалық (технология және әдістеме);
кәсіби-ақпараттық (мониторинг және диагностика) [56]. А.В.Хуторской өз еңбектерінде құзыреттіліктің:
негізгі – білімнің жалпы мазмұнына (метапәнге) қатысты;
жалпы пәндік – белгілі бір білім беру пәндері мен білім беру салаларына қатысты;
пәндік – жеке құзыреттілік пен оқу пәндері шеңберінде қалыптастыру мүмкіндігі бар алдыңғы екі біліктілік деңгейіне қатысты» үш деңгейлі иерархиясын негіздейді [57, с.63].
Сондай-ақ, автор негізгі білім беру құзыреттерін төмендегідей жіктейді: құндылық-мағыналық құзыреттілік; жалпы мәдени құзыреттілік; оқу-танымдық құзыреттілік; ақпараттық құзыреттілік; коммуникативтік құзыреттілік; әлеуметтік-еңбек құзыреттілік; тұлғалық өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі [57].
В.Г.Воронцова педагогқа арналған негізгі құзыреттіктердің әртүрлі жиынтығына қарамастан, барлығына ортақ үш нұсқасын көрсетеді:
білім (ғылыми және кәсіптік ақпаратты меңгеру және оны іс жүзінде пайдалану деңгейі);
жеке және кәсіби ұстаным (құндылық-мағыналық, адамгершілік- бүкілілемдік көзқарас бағдары);
кәсіби мәдениет (құндылық бағдарлардың және шығармашылық белсенділіктің синтезі, оның ішінде жаңа ақпараттық технологиялар негізінде) [58].
Осылайша, педагогикалық құзыреттілікті зерттеу барысында кейбір ғалымдар мұғалімнің жалпы және арнайы біліміне артықшылық береді,басқалары белгілі бір психологиялық қасиеттерді қажетті біліммен, дағдымен толықтырады, енді бірі мұғалімнің кәсіби біліктілігінің жеке қасиеттерін атап көрсетеді, төртіншілері кәсіби дағдыларды меңгеру қажеттігін баса айтады.
Осы айтылғандардың барлығын біз ескере отырып, педагогтың кәсіби құзыреттілігінің сипаттамалары кіріктірушілік, тұтастық сипатта
болатындығын, сондықтан оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығына мән береміз. Кәсіби құзыреттілік маманның кәсіби даярлығы үдерісінде қалыптасады. Университеттегі білім беруді кәсіби құзыреттілік негіздерін қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыруға болатындығын көрсетеміз. Мәселен, А.П.Тряпицина кәсіби құзыреттілік жұмыс істейтін мұғалімнің практикалық қызметі барысында толық көріну мүмкіндігін, дегенмен, оның алғышарттары мен жеке ойлары жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде қалыптасатындығын айтады [59].
Ондай ой-пікірлерді негіздеген отандық зерттеулер де баршылық. Мәселен, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға Г.Ж.Меңлібекова, Б.Т.Кенжебеков терең мән берсе,К.М.Беркімбаев ақпараттық құзыреттілігін, Г.Жетпісбаева, А.Т.Чакликова коммуникативтік құзыреттілігін, Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Хан зерттеушілік, әлеуметтік құзыреттіліктерін, Б.Омаров ұйымдастырушылық құзыреттілігін қалыптастыруды және т.б. жан-жақты талдаған, теориялық тұрғыдан негіздеген.
Жоғарыда келтірілген анықтамаларды талдау бізге педагогтың кәсіби құзыреттілігін тұлғаның психологиялық, педагогикалық және пәндік саладан білімділік, біліктілік деңгейін тиімді жүзеге асырудағы кіріктірілген қасиеті, деп тұжырымдауға мүмкіндік берді.
Отандық және шетелдік педагогтар мен психологтардың зерттеулерін талдау бізге мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің мәнін түсінудің негізгі тәсілдерін анықтауға мүмкіндік берді:
Достарыңызбен бөлісу: |