Садырова М. С



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата17.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#186088
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
Байланысты:
annotation15100

1.12.
 
Білім беру социологиясының теориялық негіздері 
 
Білім беру әлеуметтануының негізі Э.Дюркгейм, М.Вебер, О.Конт және 
әлемдік батыс әлеуметтануының басқа да классиктерінің үлесінде. 
Э.Дюркгейм білінің қызметтерін зерттеді, білімді құндылық ретінде 
анықтады, білімнің экономикалық және саяси процестермен байланысын 
қарастырды. Бұл зерттеулерде білім басқа әлеуметтік институттармен өзара 
әрекет ететін әлеуметті институт ретінде қаралады. Кейінірек, Т.Парсонс 
білімді әлеуметтендіру институты ретінде қарастыруды және оқу орындарын 
әлеуметтік жүйе ретінде зерттеуді ұсынды. Білім беру әлеуметтануы 
мәселелері кейін ХХ ғасырда басқа батыс әлеуметтанушылар еңбектерінде 
қарастырылды. Білім беру әлеуметтануы мәселелерін өңдеуде американ 
ғалымдары белгілі бір табыстарға жетті. 1960 жылы американ 
социологиялық ассоциациясы ішінде білім беру әлеуметтануы секциясы 
құрылды. 1963 жылы «Білім беру әлеуметтануы» журналы шығарылды. 
Әрекет теориясының және әлеуметтанудағы жүйелік-функциональдық 
мектептің негізін қалаушы Толкотт Парсонс тұлғаның құрылымы мен оның 
іс-әрекеті мотивациясын талдаудағы өзінің әдісін білім жүйесі ұжымы мен 
шағын жүйелерді, білімнің барлық әлеуметтік институтын талдауға 
қолданды. Білім беру әлеуметтануының мәселері өзінің дамуын П.Сорокин 
еңбектерінде де тапты. «Білім мен тәрбие институттары қандай да бір 


формаға ие болмасын, барлық уақытта тік әлеуметтік циркуляция құралы 
болып табылады»,−деп жазды П.Сорокин. ХХ ғасырдың әртүрлі жылдарында 
білім беру әлеуметтануы Д.Дьюи, К.Дженкса, Дж.Колмана, Дж.Флауди, 
П.Бурдье, А.Смелзер, Э.Гидденс және т.б. еңбектерінде ғылыми ізденістің 
негізі болды. Білім беру әлеуметтануының мәселелерін қарасстырған батыс 
әлеуметтанушылары білімнің қазіргі әлемдегі орны мен роліне ерекше назар 
аударды, яғни жалпы теориялық мәселелер қойды және оларға жауап табуға 
тырысты. ХХ ғасырдың соңында батыс әлеуметтанушылары білімнің нақты 
мәселелеріне назар аудара бастады. Мысалы, Э.Гидденс, А.Смелзер және 
басқа да әлеуметтанушылар кітаптарында білімнің нақты мәселелері 
қойылады. Қандай да бір американ немесе ағылшын орта мектебіне 
социологиялық зерттеу жүргізіледі және тұжырым жасалынады, мектеп 
оқушылары оқуы жайында ұсыныстар беріледі. Сондай жағдайды Э.Гидденс 
те «Әлеуметтану» деген өз оқулығында да көрсетеді. Жалпы батыс 
әлеуметтануы білім беру әлеуметтануының негізгі түсініктері мен 
категорияларын қалыптастырды. Батыста білім беру әлеуметтануының мәні 
еліміздің дамуы мен өркендеуі критерийіне байланысты кәсіби білім беруге 
қажеттілік өскен ХХ ғасырдың екінші жартысында өсе түсті. Т.Парсонс бұл 
процесті «өндірістік», «ғылыми-техникалық», «экономикалық» және басқа 
да төңкерістермен бірге қоғамда өз орны бар «білім беру төңкерісі» деп 
атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет