Білім әлеуметтануы



Дата25.11.2022
өлшемі15,68 Kb.
#159770
Байланысты:
10 лек әлеуметтану жауап
170420 (2)

1. Білім беру әлеуметтануы қандай мәселелерді қарастырады? 2.Білім беруге теориялық көзқарастарды сипаттаңыз 3.Білім және теңсіздік мәселелері
1. Білім әлеуметтануы білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, құрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Сондай-ақ, адамның тіршілік әрекетін және әлеуметтік білім саласындағы процестерді кеңінен қамтып, олардың өзара ықпалын танып білуді қарастырады. Оқу қызметінің өзін ол оқушылар мен білім алушылардың өмірлік жоспарлары, бағыт-бағдарлары, өмір салтының ерекшеліктері, ғылымның, қоғамның бүкіл мәдени қажеттіліктері тұрғысынан қарастырады.
2. Жиырмасыншы ғасырда білім беру социологиясының негізгі теориялары мен мектептері анықталды. Алайда білім беру социологиясының алғышарттары әлеуметтік философия мен ерте замандардағы әлеуметтік идеялардан бастау алады.
Платон «Мемлекет» атты трактатында идеалды мемлекетті қалыптастырудағы білімнің ролін ерекше атап өткен. Билеушіде ерекше тәрбие мен білім болуы қажет, өйткені билеушінің аса жоғары дәрежеде білімді және жоғары моральды адам болуы шарт, сондықтан оларға философия, этика, құқық, әдебиет, тарих, математика, т.б. пәндерді оқыту қажет. Ал, халық, Платонның айтуы бойынша «адамзат тобыры», сондықтан оларды тек тәжірибелік білімге дағдыландырса да жетеді.
Аристотель білім беру саласындағы өзекті мәселелерге, адамның әл-ауқаты үшін білімнің маңыздылығына тоқталған. Мемлекетке білімді адамдар қажет, сондықтан мемлекеттің білім беруге көңіл бөлуін маңызды деп санаған.
Квинтиллиан баланы әртүрлі ғылымдарға оқытудың әдістемесін қалыптастырған. «Оқу материалдарын тым көбейтіп жіберсе баланың бойында ғылымға деген жеккөрушілік пайда болады.
Ибн-Сина білім берудің мақсаты жан-жақты тұлғаны қалыптастыру деп және баланы оқытуды алты жастан бастау керектігін айтқан.
Қайта құру дәуірінде М.Лютердің орта ғасырлық білім беру ісін жаңартуға қатысты пікірлері, мектепте білім алудың артықшалақтары мен мемлекеттің білім беруді халыққа міндеттеуі қажеттігін айтқан.
Э.Дюркгейм «Білім беру және социология», «Моральдық білім беру» атты еңбектерінде білім беруді ұрпақтан ұрпаққа мәдени нормаларды тасымалдайтын құрал, коллективті сананың бір формасы ретінде қарастырады
Сорокиннің пікірінше қоғамдағы кәсіби стратификацияның басты шарттары: кәсіптің болуы және кәсіби міндеттерді тиімді орындауға қажетті интеллект деңгейі
Білім беруге қатысты теориялық көзқарастар
Құрылымдық-функционалды мектеп. Классикалық мектеп өкілдері О.Конт, Э.Дюркгейм. Құрылымдық-функционалды мектеп өкілдерінің пікірінше білім беру – мәдени, рухани құндылықтарды тасымалдайтын маңызды әлеуметтік институт. Олар білім беруді қоғамның басқа әлеуметтік институттарымен байланыстыра отырып қарастырады.
Конфликт теориясы: білім және теңсіздіктің таралуы Конфликтология теорияшылары құрылымдық-функцоналистердің білім саласы мәдениетті қалыптастырады, студенттерді сұрыптайды және жастарды әлеуметтендіреді деген пікірімен келіседі, бірақ бұл функцияларды жан-жақгы қарастырады. Конфликтология теорияшылары мектептің қалыптасқан жағдайды нығайтып, теңсіздікті сақтап қалатынына мән береді.
3. Білім беру саласындағы қазіргі қайшылықтар
Бақылау қабілеті мықты оқушылар үшін пайдалы болғанымен, қабілетті төмен оқушыларға кері әсерін тигізеді. Аса маңызды тестілеу білім сапасын арттырады, бірақ оқу бағдарламасын қысқартып, тек тестілеу дағдыларын дамытуға көңіл бөлуге мәжбүрлейді. Мектепті таңдау оқушылар мен ата-аналарға үлкен мүмкіндік береді. Бірақ теңсіздікті нығайтып, мемлекеттің қолдауын азайтады. Жоғары білім алу толықтай ақталады, себебі кейін табысы жоғары, жақсы жұмысқа орналасады, жұмыссыз қалу ықтималдығы сирейді. Сонымен қатар қаржылай артықшылық болмаса да, ұзақ өмір сүру сияқты мүмкіншілік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет