ХИТРИДИО МИЦЕТТЕР КЛАСЫ
Бұл класқа 300 дей түр жатады.
|
Олардың мицелиі болмайды. Вегетативтік денесі плазмодия түріңде (жалаңаш цитоплазмалық масса)немесе
көлденең перцелермен бөлінбеген,
гифалардың алғашқы бастамаларып беретін клеткадан тұрады.
|
Жыныссыз көбеюі бір талшығы бар зооспоралары арқылы жүзеге асады.
Жыныстық көбеюінің формалары алуан
түрлі- изогамия, гетерогамия, оогамия және т.б. Негізінен
сулы ортада өмір сүреді. Көптеген түрлері балдырлардың жәнежоғарғы сатыдағы өсімдіктердің паразиттері болып табылады.
|
Капустаның олпидиумы (Olpidium brassicae) — капустада
өмір сүретін паразит. Ольпидиуммен зақымданған капустаның көшетінің тамыры мен гипокотилінің (подсемядольное
колено) бір бөлігінің сырты қарайып сола (шалбарлана) бастайды. Соған байланысты мұны қаратүбір ауруы деп атайды.
Синхитриум (Synchytrium endobioticum) — картоптың
паразиті. Зооспоралары түйнектің клеткаларына өтіп, олардың шамадан тыс үлкеюіне әкеліп соғады.
|
2
|
ООМИЦЕТ
ТЕР КЛАСЫ
Бұл класқа 300-дей түр жатады.
|
Олардың мицелиі көп
ядролы, көп бұтақтанған, мүшеленбеген жіп шумақтарынан (гифалардан) түрады. Жіп шумақтарының қабықшалары целлюлозадан тұрады, хитині болмайды. Өмірінің көп
бөлігі гаплоидты жағдайда өтеді.
|
Жыныссыз көбеюі екі талшығы бар зооспоралар арқылы жүзеге асады. Жыныстық
процесі оогамиялы. Зиготасы диплоидты. Ол өскен кезде
мейоз процесі жүреді. Көптеген түрлерінің өмірлік циклы
сулы ортамен байланысты.
|
Фитофтора (Phytophthora infestans) — картоптың жапырағында өмір сүретін паразит. Мицелиі жапырақтың мезофиліне еніп жатады.
|
3
|
|