Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет55/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ

3-
 
нші ереже. 
«У» қысқа айтылатын дыбыс, «у» ұзын естілсе, ол жерде екі «у» 
болғандықтан, оның алдыңғысы бүтін «у», соңғысы жарты «у», шолақ «у», 
«у» ұзын естілетін жерге екі «у» жазу тиіс [1,150]. 
Мысал: тұмсық, тұра, тұура, сұлұу, сұу. 
«У» дыбысына байланысты 1912 жылы Орынбордан жарияланған 
«Қазақша алифба» оқу құралынан қосымша кесте берілді [1,36]. 
Сынау. 
Төмендегі сөздерді көшіртіп, бір «у» жазатын жерге бір «у», екі 
«у» жазатын жерге екі «у» жаздыру. 


140 
Сұрап бергенше, соғып бер. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. От 
пен су – тілсіз жау. Ер туған жеріне. Сиыр судан жерір, су сиырдан жерір. 
Егіз қозыдай тату бол. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Хакім 
тура болмаса, жұрт бұзылар, сауда таза болмаса, нарық бұзылар. Қуда сүт 
жоқ, жылқыда өт жоқ. Шешінген судан тайынбас. Ұялған тек тұрмас. Сұлу 
сұлу емес, сүйген сұлу. Рудан аз – адасқан қаз. Татуда бота тату. Сүмбіле 
туса, су суыр. Ашу келсе ақыл кетер, ашудан ақыл көп болса, ашу не етер. 
Қуыс үйден құр шықпас. 
Қарны ашқан ханға қарайды, суыққа тоңған күнге қарайды. Білегі жуан 
бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады (жорта қаталы) [1,150]. 
4-
 
нші ереже. 
Шолақ ﻭ (у) дауысты дыбыстардан соң ғана естіледі, сондықтан дауысты 
харіфтерден соң жазылған «у» шолақ болады. Бүтін «у» һеш орында дауысты 
харіфтен соң жазылмайды. Мәселен, тay, туу, кеуде деген сөздерде ірі 
жазылған харіфтер шолақ «у», «у» дыбысы ұзын естілетін орындарға екі «уу» 
жазылады. Тіпті ұзын естілетін орындарға үш ууу жазылады. Дауыссыз 
дыбыс соңында бас буыннан басқа орында яки дауысты дыбыс соңында, қай 
буында болса да, «у» үтірсіз жазылса да қате болмайды [1,151]. 
«У» дыбысына байланысты 1912 жылы Орынбордан жарияланған 
«Қазақша алифба» оқу құралынан қосымша кесте берілді [1,40]. 
Сынау. 
Төмендегі сөздердің ішіндегі шолақ «у»-лардың астын сызып 
көрсетіңдер. Сөз сөзден тұуады, сөйлемесе неден тұуады? 
Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза болсаң сұудай 
бол, бәрін жұуып көтерген. Жақсыдан жаман тұуады, жүйріктен шабан 
тұуады. Ерден тұуған қырымға қарайды, иттен тұуған жырымға қарайды. 
Қатты жерге су төксең, сұуыққа тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң, 
таршылықта айғақ болар. Аяғы жаман төрді былғар, ауызы жаман елді 
былғар. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Жел аударған қаңбақтай, сұу аударған 
діңгектей. Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық. Дауыл болмай, жауын 
болмас; шұуақ болмай, қауын болмас; ит баласы сауын болмас; дау аяғы 
ауыл бол­мас, ауыл болса да, тәуір болмас. Дауды азсынба: көздей іс көлдей 
болұуы оңай, қол сұуалмағы қиын. Тарыдай іс таудай болұуы оңай, тау 
таусылмағы қиын [1,151]. 


141 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет