Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет58/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
8-
 
нші ереже. 
«ـي» сөздің бас буынында ғана жазылады. Басқа буындарда «هـ» 
жазылады. Мәселен: ерке, кереге, терезе,келеке [1,153]. 
«Е» дыбысына байланысты 1912 жылы Орынбордан жарияланған 
«Алифба» оқу құралынан қосымша кесте берілді [1,41]. 


145 
Сынау. 
Төмендегі сөздерді көшіріп, (*) қойылған жерлерге тиісіне 
қарай ہ، هـ، ـي харіфтерін қойыңдар [1,153]. 
Өсекке кірмесе, есепке кірмес. Сүтпен кірген мінез сүйекпен бірге кетер. 
Ер басына күн түссе, етігімен су кешер. Берсең – аларсың, ексең – орарсың. 
Еңкейгенге еңкей басың жерге жеткенше. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып 
секіреді. Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз, батырсынған жігітті 
жау келгенде көрерміз. Көп жүрген білмес, көп көрген білер. Өнерді үйрен де 
жирен. Өнерлі өрге жүзер. Білмегенді үйрету – жерге соқа сүйрету. Келбеті 
келгеннен кеңес сұра. Көше білмес жамандар көшсе көлік өлтірер, сөйлей 
білмес жамандар сөзді өзіне келтірер. Я еріншек өлер, я көңілшек өлер. 
Өткен іске өкінбе. Бекерден Тәңірім безер. Төртеу түгел болса төбедегіні 
алады, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Ер шекіспей бекіспес. Айбар керек, 
әл керек, әлсіз айбар не керек? Есітпеген елде көп, есек мінген сартта көп. 
Көк ит жеңбес, көп ит жеңер. Көрмес түйені де көрмес. Ел жоқта құрбақа көл 
менікі дер, ер жоқта жамандар ел менікі дер [1,153]. 
Қ һәм Һ дыбыстары 
Кей орында «қ» дыбысы «ғ» болып өзгереді. Ондай орында айтылуынша 
«ғ» харфін жазу тиіс. Ақ-ағы, бақ - бағы, сақ – сағы [1,153]. 
Істің ағы білмес, жігіттің бағы білер. Иттің сағы жақсы. Аяқ – аяғынан, 
таяқ – таяғынан. Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан. 
Кей орында «к» дыбысы «г» болып кетеді Ондай орында естілуінше «г» 
харфін жазу тиіс. Етік – етігі; Етігі жаман төрге шықпас. Еңбек – еңбегі, 
өнбек – өнбегі. Еңбегі молдың өнбегі де мол. 
«Қ» һәм «һ» дыбыстар һеш уақытта жіңішкермейді яғни жіңішке 
айтылмайды. 
«К» һәм «г» дыбыстар һеш уақытта жуандамайды яғни жуан 
айтылмайды, сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады[1,153-154]. 
А. Байтұрсынұлы «Жазу қағидаларында» дыбыстарға байланысты ереже 
үлгісін береді және сынауды үйренушілерге арналған мысалдармен 
толықтырады. Сынау дегеніміз 
жаттығу. Демек, 
жаттығулармен 
толықтырады. Сонымен, ы дыбысына байланысты А. Байтұрсынұлы
«ы» 
дыбысы үшін нүктесіз ﻯ белгісін алғандығын 1912 жылы «Айқап» газетінің 


146 
№ 4-5 санында жарияланған «Жазу тәртібі» атты мақаласында айтады. 
Себебін ы дыбысына тура келетін араб әліппесінде әріп жоқтығымен 
түсіндіреді. 
Ы 
дыбысын сөздің аяғында ғана жазып, басында, ортасында 
тіпті жазбаймыз дейді. Жазбасақ та болады дейтұғын себебі: ﻯ сөздің 
басында, 
ортасында 
қысқа 
және 
көмескі 
айтылатындығымен 
байланыстырады, барлығы да жоқтығы да аз сезіледі дейді. Демек, сөздің 
басында, ортасында жазбаған жағдайда, онан келетін кемшілік аз дей 
отырып, мысалдар келтіреді. 1912 жылы Орынборда жарияланған «Оқу 
құралы», қазақша алифба, 1-нші кітабынан ы дыбысына байланысты 
төмендегідей мысал берілді [1,37]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет