Сайбекова назира усенқызы грамматологиялық парадигма: А. Байтұрсынұлы және қазақ жазу



Pdf көрінісі
бет60/61
Дата13.12.2023
өлшемі3,17 Mb.
#196730
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Диссертация Сайбекова НУ
3830-1-7985-1-10-20220416, Ш.Айтматов-және-қазіргі-түркі-әлемі, Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі СӨЖ, Blank Company Profile Business Presentation in Red Maroon White Geometric Style, Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәнін оқытудың мақсаты м-emirsaba.org (2), Әкімбек Лашын ҚМЖ, Айдар Назерке ғылыми мақала, СӨЖ- Әкімбек Лашын 313, Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org (1), Есімдіктердің қалыптасу,даму жолдары. Есімдіктің зерттелуі-emirsaba.org
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің барлық салалары бойынша негізгі 
теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы. Ғылыми жұмысымызда 
А.Байтұрсынұлын ғалым лингвист ретінде қарастырғандықтан, қазақ жазу 
жүйесінің алғаш рет негізін қалағандығын, дыбыстарды дауысты, дауыссыз 
деп екіге бөліп қарастыру А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау 
алатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге тырыстық. 
Бірінші бөлімде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
жазуының тарихи сипаты, грамматология ғылымының зерттелуі және 
А.Байтұрсынұлы еңбектеріндегі басты қисындар қарастырылды. 
Екінші бөлімде А.Байтұрсынұлы еңбегіндегі дыбыстардың таңбалану 
жүйесі: грамматологиялық бағыты, А.Байтұрсынұлы еңбегіндегі таным, 
А.Байтұрсынұлы жасаған әліпбидің негізділігі, А.Байтұрсынұлы еңбегіндегі 
дауысты дыбыстар жіктелімі, А.Байтұрсынұлы еңбегіндегі дауыссыз 
дыбыстар жіктелімі және А.Байтұрсынұлы әліпбиі мен латын әліпбиінің 
жіктелімі қарастырылды. 
Үшінші бөлімде А.Байтұрсынұлының күрделі сөздер емлесі және 
А.Байтұрсынұлының грамматикалық емлелері қарастырылды. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде грамматология ғылымының ғана 
негізін салған жоқ, сонымен қатар фонетика мен фонологияның да негізін 
қалады. Қазақ тіліндегі дыбыстардың үндесім заңы А.Байтұрсынұлы 
алфавитімен тығыз байланысты. Қазақ сингармониясының, қазақ тіліндегі 
гармониялылықтың бастауы осы А. Байтұрсынұлы жазған оқу құралдарынан 
басталады. Ауызекі тіл мен жазба тіл, бір әріпке бір фонема ұғымын 
ұстанған, жазу экономиясына жету үшін дәйекші белгісін қолданған, қазақ 
халқы түсінікті де жеңіл қабылдайтын әліпби ұсынған А.Байтұрсынұлы 
ұлттық ғылым тілін қалыптастырды. 
А.Байтұрсынұлының практикалық тұрғыдан қарастырған, оқу 
құралында берген мысалдары теориялық тұрғыдан дәлелденді. Дәлелдеу 
барысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері негізге алынды. 
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелімі берілді. Жіктелімде отандық 
ғалымдардың еңбектері негізге алынды: Ә.Жүнісбек, М.Исаев, С.Кеңесбаев, 
Ғ.Мұсабаев, С.Мырзабеков. 
А. Байтұрсынұлының «Әліппе» оқу құралы нағыз грамматологиялық 
бағытта жазылған еңбек, қазақ тілінде 24 дыбыс, оның ішінде 5 дауысты, 17 
дауыссыз, 2 жарты дауысты бар деп беріледі. Дыбыстар дауысты, дауыссыз 
һәм жарты дауысты болады. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің грамматологиясы бойынша негізгі 
теориялық тұғыр қалыптастырушы көшбасшы. Грамматология жалпы жазу 
ғылымын қарастырады. Грамматология термині ең алғаш рет И.Гельбтің 
еңбегінде көрініс тапты. Грамматологияға қатысты қолданылған еңбектер:
Жак Дерриданың «Грамматология жөнінде» атты еңбегі, И.Гельб «Опыт
изучения письма» атты еңбегі.


153 
Салыстырмалы-салғастырмалы 
тұрғыдан 
қарастыру 
барысында 
А.Байтұрсынұлының алфавиті мен Деррида ұсынған теориялық 
терминдердің арасында көптеген ұқсастықтар табылды. Деррида еңбегінде 
грамматология позитивті ғылым ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, 
Дерриданың еңбегінде «із», «жазу», «прото-із», «өзгешелік», «прото-жазу», 
орнын толтыру, орнын толтырушылық деген терминдердің барлығы 
синонимдік қатар құрайтындығын айтқым келеді. Мысалы, із, жазу, 
өзгешелік, орнын толтыру терминдерінде уақыттың өту мәнін ұғуға болады: 
аталған терминдердің барлығы басқа терминдерде көрініс таба отырып, бірін 
бірі алмастырады немесе алмасады. А.Байтұрсынұлы әліпбиінде де Деррида 
еңбегінде қарастырылған терминдер синонимдік қатар құрай отырып, бір-
бірімен алмасады және бірін-бірі толықтырады. 
А.Байтұрсынұлы - қазақ грамматологиясының негізін қалаушы. 
А.Байтұрсынұлы қазақ грамматологиясының негізін практикалық тұрғыдан 
мысалдар беру арқылы дәйектеді, негізгі теориялық тұғыр қалыптастырды. 
А.Байтұрсынұлының оқу құралында мысал ретінде берілген сөздер 
грамматологияны 
теориялық 
тұрғыдан 
қарастырған 
Ж.Дерриданың 
терминдерімен байланыстырылып, кесте және сурет ретінде берілді. 
Лингвистика теориясының аса күрделі мәселерінің бірі болып 
табылатын тіл мен ойлаудың арасындағы байланысты теориясынан халық 
санасында психобейнесі қалыптасып қалған әріптерді өз орнында қалдыра 
отырып, қазақ халқының табиғатына тән төл дыбыстарды өзіндік 
сонылықпен 
бейнелегендігінен 
байқауға 
болады. 
А.Байтұрсынұлы 
дыбыстарды ойлап табу үдерісінде ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы 
ерекшелікті сақтауға тырысты. Оның себебін, айтылым үдерісіндегі сөздерді 
жазылым үдерісінде сол қалпында қалдырғысы келді. Өзіміздің төл 
дыбыстарымызды сол қалпында өзгеріссіз сақтағысы келгендігін оқу 
құралдарында берілген мысалдардан байқауға болады. 
А.Байтұрсынұлының оқу құралдарында берілген мысалдардан дауысты 
және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі, фузиялық өзгешеліктер, протеза, 
архисема, диссимиляция тіркесі көрініс табады. А.Байтұрсынұлы дауысты 
және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі заңдылығын негізге алып, қарастырған. 
Сонымен қатар, сөздердің үйренушіге, білім алушыға жеңіл жолмен 
түсіндірілуіне де назар аударған. Сөздерді буындап бөліп үйренген соң, 
сөздің әр буынындағы дыбыстарды айырып, тұтас сөздің ішіндегі 
дыбыстарды білген соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды үйрету үшін әуелі 
дыбыстарды емес, сөздің буындарын бөлек-бөлек айтып, оларды қосқызып 
сөз айтқызу жөн болып табылғандықтан, үйретуге жеңіл де қолайлы етіп, 
архисемасы бір болып табылатын сөздерді мысал етіп алғандығын оқу 
құралдарында берілген мысалдар тізбегінен байқауға болады. 
А. Байтұрсынұлы төте жазуының маңыздылығын дәйектеуге тырыстық. 
Төте жазумен 1914 жылы жарияланған «Қазақша алифба» оқу құралынан 
мысалдар беру арқылы айырмашылықты көрсетуге тырыстық.


154 
Айырмашылық негізінен сөздердің санына және басқа да сөздердің берілуіне 
қатысты болды. Айырмашылық төте жазумен берілген мысалдарды жазумен 
беру арқылы көрсетілді. 
Қ.Жұбанов сынға алған қосар дыбыстарды А. Байтұрсынұлы ауызекі тіл 
мен жазба тіл арасындағы ерекшелікті сақтау процесінде жасалған дыбыстар 
екенін дәйектедік. Дегенмен А.Байтұрсынұлы қазақ жазу үлгісінде сақтағысы 
келген ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы ерекшелік уақыт өте келе орыс 
тілінің әсерінен бір ғана дыбыспен бейнеленгендігін көрсеттік. Олар: ю, я 
әріптері. 
Қазіргі таңда латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуында 
А.Байтұрсынұлының алфавитінде сақталған айу, сайа секілді ю, я 
дыбыстарын беретін сөздер қайтадан өз орнына оралғанын ғылыми 
жұмысымызда мысалдар беру арқылы дәйектедік. Бұл дегеніміз 
Байтұрсынұлы алфавиті қаншама уақыт өтсе де, құндылығын жоймағанының 
кепілі. А. Байтұрсынұлы алфавитіндегі ережелер латын әліпбиіне негізделген 
қазақ жазуына енгізілді. Ю және Я дыбыстары А.Байтұрсынұлы 
әліпбиіндегідей айу, сайа деп берілген. А.Байтұрсынұлы әліпбиіндегі 
ережелер қазақ жазу үлгісінде сақталды. Қаншама уақыт өтсе де, қаншама 
әліпби ауысса да, А.Байтұрсынұлы әліпбиі өз өміршеңдігін жойған жоқ. 
Уақыт өткен сайын жаңғырып, қазақ халқының әліпбиінде өз орнын алды. 
Адамның түпсанасында орын алған төл дыбыстарымыз қаншама уақыт өтсе 
де, санамызда, айтылым процесінде, сөйлесу кезінде орын алады. Орыс 
тілінің әсерінен енген ю, я дыбыстары қазақ тіліндегі сөйлесім процесінде 
орын алатын дыбыстарды бере алмайтындығын байқауға болады. 
А.Байтұрсынұлы әліпбиінде қазақ тіліндегі сингарможуан және 
сингарможіңішке дыбыстардың негізі қаланды. Әліпбиде аса назар 
аударатын белгі – «дәйекші» белгісі қосымша таңба ретінде енгізілген. 
А.Байтұрсынұлы әліпбидегі дыбыстардың сингарможіңішкелігін дәйекші, 
яғни қосымша таңба арқылы белгілеген. Егер дауыссыз дыбыстардың 
дауысты дыбыстарға бағынатындығын ескерсек, дауысты дыбыстар жуан 
айтылса, дауыссыз дыбыстар да жуан айтылады, дауысты дыбыстар жіңішке 
айтылса, дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылады. 
«Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың 
жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, 
оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер 
құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы», - 
деп өзі айтқандай, А.Байтұрсынұлы әліпбиі халықтың жүрегіне жақын, 
ауызекі тіл мен жазба тіл арасындағы ерекшелікті сақтай отырып, жасалған 
дыбыстар арқылы қазақ тіл ғылымында әліпби құрастыруда өзіндік 
сонылығымен және ерекшелігімен есте қалды. 


155 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет