Сайділ талжанов 3 томды қ ш ы ғ армаларжина ғ Ы


Казак әдебиетінін монғолмен ауыс-түйісі



бет4/27
Дата31.12.2019
өлшемі2,11 Mb.
#54002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Казак әдебиетінін монғолмен ауыс-түйісі

Монғол әдебиеті мен қазақ әдебиетінің ауыс-түйіс процесі жайлы айтарымыз мынау. Монғол шабуылына дейінгі бұл ауыс-түйіс, негізінен, бізге жетпей жойылып кетуі мүмкін. Оған тарихта болып өткен қуғын-сүргін шапқыншылықтар кесірі тимей қойған жоқ. Екіншіден - көшпелі монғол, қазақ елдері көне мұраларын сақтай алмауы да ықтимал. Алайда, жіті зерттеп отырсақ, қазақ ертегілерінде шаман дінінен келген азын-аулақ теңеулердің кездесуі, ауыз әдебиет үлгілерінде толғаулардың бары даусыз. Сондай-ақ қазақ әдет-ғұрпындағы қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана тәрізді той-домалақтарда (сыңсу, отқа май құю, жоқтау) айтылатын өлең-жырлар ортақ екені белгілі.

Оның үстіне қазақтарда өлген әруақтарды кұрметтеу салты осы күнге дейін сақталған. Мұсылмандар өлген әулиелерін қандай қастерлесе, қазақтарда аруақтарды сондай қадірлейді. Бір іске беттегенде, жолдары болып шықса, оны әруақтардың қолдауы деп ұғынады1, - дейді Шокан Уәлиханов.

«Монғолдарға келіп қайтқан Еуропа саяхатшылары 2 да бұл әдет-ғұрыптың кумандар мен монғолдарға ортак екенін дәлелдейді. Бұларды әкеліп қырғыздардьщ әдет-гұрыпымен салыстырсақ толып жатқан ұқсастықтарды да табатынымыз даусыз», - дегенді Шоқан Уәлиханов тағы пысықтайды.

Жапа-тармағай бәрін тізе бермей-ак, монғолдар мен қазак нанымында, ырымында неше алуан ортак уакиғалардың, аныз-ертек, әңгімелердің сакталып келгенін анықтау үшін солардың бір-екеуіне тоқтала кетелік.
28





1 Ш.Ш. Уәлиханов. Бес томдьщ шыгармалар жинагы, I том. Алматы, 1961, 473-711-беттер.

2 Еуропа саяхатшылары – деп Шоқан Карпини мен Рубрикті айтып

отыр.
«Сойған малдың кәрі жілігін үйіне сақтайды, өйткені сол кәрі жілік малды ұрыдан, қасқырдан қорғайды деп ұғады қазақтар», - дейді Шоқан Уәлиханов, - ал осыны профессор Н.И. Ильминский «малды өлім-жітімнен қорғайды, - деп қате түсініпті1, - дей келіп Гамбоевтың2 айтуынша, бұл сүйекті (кәрі жілікті) монғолдар да үйінде сақтайды екен. Сонда осы сүйек қолына кұрық (үркрүк) ұстаған бақташы бейнесінде көрінеді екен.

Сондай-ақ, қазақтардың ұғымы бойынша да кәрі (қары) жілік ұры мен қасқырдың көзіне мал бағып жүрген адам болып көрінеді. Мысалы, ескі бір ертекте мынадай уақиға шертіледі: «Ұрылар бір байдың малын бірнеше күн торып, ала алмай қояды. Бұлардың көзіне малды бағып жүрген, қолдарына сойыл, құрық ұстаған бақташылар көрінеді, солардан қорқып малға тие алмай, діңкелері құриды. Осы байдың әйелі мен қызынан баска ешкімі жоқ, ұлдары да, құлдары да болмаған кісі, ендеше бұл кереметтің мәнісін білу үшін ұрылар бір күні әлгі байдың үйіне қонаққа келеді. Бұларды бай қой сойып, әбден күтеді. Сонда әлгі келген қонақтар өздерінің ұры екенін ашық айтады да, «Сіздің қандай кереметіңіз бар?» - деп сұрайды. Менің ешбір кереметім жоқ, тек әкем өлерінде бір өсиет айтып еді: «Балам, саған бір өсиет айтам, соны орындасаң, ылғи бай боласың, қанша қой сойсаң, соның кәрі (қары) жілігін далаға тастама, оны есіктің маңдайшасына немесе шаңыраққа іліп қой», - деп еді. Сол өсиетін бұлжытпай орындап келем, сондықтан, кұдайға шүкір, қорадағы қойымнан жалғыз қозымды да не қасқыр жеп немесе ұры алып кеткен емес», - дейді. Осы әңгімені естігеннен кейін ұрылар үйдің ішін айнала қараса, түндегі байдың малын күзетіп жүрген бақташылардың саны, мына үйдегі кәрі жіліктердің санымен бірдей екен»3.

Аспанға (көк, тәңірге), күн мен айға, жұлдыздарға табыну, табиғаттағы неше алуан құбылыстан қорқып, құрбан шалу - бәрі де қазақ пен монғол еліне ортақ болып келеді.



1 Н.И.Ильминский. Древний обычай распределения кусков мяса, сохра- нившийся у киргизов. «Известия Восточного отделения археологического общества», 1860. Вып.5.

2 Галсан Гамбоев. «Алтан (Алтын) Тобчи» монғол шежіресі (СПб., 1858); Его же. О древних монголских обычаях, суевериях, описанных у Плано Карпини. СПб., 1859.

3 Ш.Уәлиханов, Аталған кітаптың 485-бетінде.
«Монғолдар, - дейді тарихшы Рашиддин, - күннің күркіреуінен қатты қорқады. Оны көктің (көк тәңірінің) ашулануы деп есептейді екен. Ал қырғыздар (қазақтар) күннің күркіреуінен кұдайдың ашулы (каһарлы) дауысы, мына жай оты (молния) оны шайтандарды қырып-жоятын садағының оғы деп ұғады,1 - дейді Шокан Уәлиханов.

Қазақ халқында аспандағы жұлдыздарға қойылған аттар өте қызық, бәрін де жердегі тіршілікпен байланыстырады. Мысалы, Темірқазық (Полярная звезда) - аспанға қағылған қазықтай көрінеді, оның төңірегіндегі екі жарық жұлдызды әлгі қазыққа арқандалып, соны айналып жүрген екі ат: Ақбозат пен Көкбозат деп атайды. Жетіқарақшы (Большая Медведица) - өлген жеті ұрының жаны аспанға жұлдыз болып орналасқан. Жетіқарақшы Үркердің қызын ұрлапты-мыс, сондықтан Үркер үнемі Жетіқарақшыға қарай төне беретін көрінеді, заты, ана ұрланған қызын босатып алу ойында болса керек, - деседі.



«Осы әңгіме (ертегі) өте көне заманда болса керек, өйткені монғолдар Жетіқарақшыны - «Жеті қарт» деп атайды, оған арнап құрбан шалады (мал сояды), қымыз, сүт береді. Мұны «Книга о молитве и жертвоприношения звездам и богам» атты қолжазбасында Доржи Банзаров айтады, «Жеті қарттың» қажеттігі жөнінде қысқа ертек келтіреді. Осы ертектің қазақ ертегісімен ұқсастығы жоқ па екен?»2 -дейді Шоқан Уәлиханов.

Ендеше, халықтың ескі әдет-ғүрпында да сан-алуан уақиғаның ізі сақталады екен. Тізе берсек , тағы да көптеген толғаныстарды келтіруге болар еді.

Қазақ елі келін түскенде отқа май құйып, лаулатып жағады. «Бұл - отты құдай деп табынып, сол отқа сыйынудан туған ғұрып, шаманизмнен қалған дәстүр», - десе Ш. Уәлиханов, ал, «отқа табыну монғолдарға түріктер аркылы Ираннан келген»3 , - деп Доржи Банзаров Шоқаннан бұрын топшылаған екен. Ендеше, Шоқан Уәлиханов мына Д.Банзаровқа сүйеніп, қателескен тәрізді. Себебі, отқа табыну діні монғолдарда көз жеткісіз көне дүниеде, адамзат әлі табиғаттан тыс тұрған күш бар деп ұғынбаған дәуірде тууы мүмкін4.




1 Сонда, 480-бет

2 Сонда, 479-бет.

3 Доржи Банзаров. Собр. Соч., 1955, с. 72 (Ответ. Редактор-доктор филолог, наук Г.Д. Санжеев). «Бұл кітапты «Черная вера» или шаманство у монголов» деген атпен Г.Н. Потанин бастырган екен).
Ғалым Г.Н.Румянцев те: «түріктің, монгол, буряттың отқа табынуы өте ескі дін, сондықтан тек Иран әсері деу де өте қиын, әрине, ықпалы да бар шығар»1, - деп ескертіп өтеді.

Ауыз әдебиетінде, ертегі, аңыздарда сақталған монғол мен қазақ еліне бірдей ортақ толғаныстарды одан әрі жалғастыра беруге болады. Бірақ әзірге осымен шектелмекпіз.

    1. Қазақ әдебиетінің арабпен байланысы


Халықаралық әдеби ауыс-түйісті айтпас бұрын ең әуелі сол жағдайдың өсіп өркендеуіне себепкер болған тарихи және діни карым-қатыс мәселелерге тоқтала кетелік.

Тарихи қарым-катыс. Көне тарихтың бетін ашсаң, көп нәрсеге куә болғандаймыз. Мысалы, арабтар Иран елін VIII ғасырда өзіне қаратты. Сол мезгілде араб елінде Үммия патшалығы (Оммейядская династия) құлады да, Персияда Сасани патшалығы (Сасанидская династия) жойылды. Екеуі бірігіп Аббасид династиясы (патшалығы) Иракта (Бағдадта) құрылды. Аббасид династиясының алғашқы халифасы Харун әл-Рашидтің ата-бабасы Саффах (750) болды. Саффах - араб, ал оның бас уәзірі Ғаббас Бармеки - парсы еді. Мұны араб- парсы бас қосқан династиясы (Объединенная арабо-персидская династия) деп атады.

Араб елінің үстемдік алып, дәуірлеген кезі Харун әл- Рашидтен (Х-ғасырдан) басталады да, соңынан оның баласы Момун тұсында шарықтайды. Арабтың «Мың бір түн» атты ертегісі осы кезден кейін тарайды, өйткені Харун әл-Рашид осы ертегіде көп айтылады.

Араб дінінің, әдебиетінің, мәдениетінің парсыға қаулап кіргені де осы кезде еді.

Харун-әл-Рашид (786-809 жылдарда) халифа (император) атанды, оның баласы Момун да (813-838 жылдары) халифа болды, ол әкесі бастаған мәдениетті әрі қарай күшейтті. Арабтағы Дар-әл-Хикматтың құрылысын (ғылым ордасын) аяқтап бітірді де, ол орынды Хорезмнен - Қаңлы - Қыпшақтан барған Мухаммед бин Муса әл-Хорезмиге басқартты. Әлгі Хорезми есептін ондық жүйесін сонда іске асырды. Оған дейін колданылып келген латын, есеп таңбасын колайсыз деп тауып, араб цифрын ұсынды. Алгебраны (арабша-әл-жебрәні) дұрыс жолға қойды.





1 Д Банзаров. Аталган еңбегі, 265-бет.

Алғаш рет жер меридианын өлшеп шыққан адам да сол Хорезми. Әбу Райхан әл-Бирунидің айтуынша - Зейнетті Шам (Дамшық) шәһәрінің жанындағы құдықтың түбіне түскен сәуле аркылы анықтап, Багдад пен құдықтың арасына «бұрыш» жасап, жер меридианын өлшеген екен. Осы күнгі анықталған меридиан есебінен, бар болғаны, 11 километрдей айырмасы бар тәрізді. Хорезмиден кейін оның жерлестері - Отырар қасындағы қыстақтан шыққан екі Жауһари де сол Дар-әл-Хикматте қызмет еткен.

Дүние жүзілік ғалымдардың Екінші Ұстазы - Әбу Насыр әл-Фараби де осы ғылым ордасына көп жыл басшылық көрсеткен, ол: «Ұлы ұстазым (Аристотель - Бірінші ұстаз) ұлы денені сомдап жасапты да, оған жан бітіре алмапты. Мен сол сом денете қан жүргізіп, жан бітірдім», - деген екен.

Момун халифаның мұрагері Мұттасим өз жеріндегі арабтардың бас көтеруінен қауіптеніп, Орта Азия түріктерінен -Хорезмдік, Қаңлы, Қыпшақтардан елу мың әскерді 834 жылы жалдап алыпты. Осылардың бастықтары да өздерінен болыпты. Олардың қолбасшысы Әмир-ұл-Әмре атанып, әскери билікті, бертін келе бүкіл билікті де, өз қолдарына алыпты. Өздері ана тілінде - түрікше сөйлеген, Бағдадта өмір бойы тұрып қалған екен. Түрік тілін арабқа апарған да осылар1, - деседі.

«Момун халифаның інісі әл-Мутасим (833-842) халифаның әскері кілең түріктер еді, әл-Мутасимнің ұлы әл-Мутаваккиль (847-861) түрік солдаттарынан құтылғысы келді, бірақ оны түрік әскер басшылары өлтіріп тынды, бұдан кейін арабтың төрт халифасын таққа отырғызғандар да, соңынан құлатқандар да осы түріктер екен.

Мұхтадир халифа (908-932) бар билікті әскер басшысына берді, бұдан қырық жыл өткен соң (945 жылы) Әмір әл-Әмір атанған - Ахмед (Бүид әулетінен шыққан кісі) сұлтан деген өте жоғары атаққа ие болды», - дегенді айтады тарихшы Р.Ю. Виппер.

Діни әсер. Мұсылман діні Бағдадтан Шығысқа қарай, Орта Азияға бет алды. Отырарда туған әлемге аян Екінші ұстаз -Әбу Насыр әл-Фараби, Хорезмнен шықкан Әбу Райхан әл-Бируни, Бұхарада өмір сүрген Әбу Ғали ибн Сина - бәрі де өздерінің ғылыми еңбектерін араб тілінде жазған-ды. Ендеше, мұсылман дінінің етек алып жайылуына осылар себеп болған тәрізді.




1 Стенли Лэн Пуль. Мусульманские династии. СПб., 1899.
Оның үстіне «ісләм діні Орта Азияға қару-жарақты әскери шабуыл арқылы тараған жоқ»1,-дейді академик В. В.Бартольд. Осы пікір орынды тәрізді. Бертін келе Орта Азияның басқа ғалымдары да араб тілін қабылдайды. М.Қашқари да, Юсуф Хас Хаджип те осы жолды тұтынады. Хорезм, Бұхар, Отырар, Тараз, Қашқар қалалары мұсылман дінін Х-ХІ ғасырларда өте мықты ұстады. Сол дәуірде әмірін жүргізген Караханидтер де, Саманидтер де ісләм дінін тұтынды. X ғасырда Бұлғар елі (чуваш, башқұрт, татар елдері) мұсылман дінін қабылдады.

Сөйтіп Сарыарқадағы көшпелі қазақтарға ісләм діні екі жақтан келді, біреуі -Хорезм, Бұхара, Отырар, Тараз, Түркістан болса, екіншісі - Қазан, Уфа болды.

Сарыарқадағы болған саяси-экономикалық жағдайды да айта кетелік: XVIII ғасырда Абылай хандық құрды (ол 1781 жылға дейін еді. Түркістанда қайтыс болып, хожа Ахмет Яссауидің мұнарасына қойылды). 1781 жылдан 1821 жылға дейін оның баласы Уәли хан болды, бұл Уәли Шокан Уәлихановтың үлкен әкесі. Шыңғыс содан туған (әжесі Айғаным - Уәлидің тоқалы). Россияның патшасы Павел тұсында Уәлиге қарсы сенімсіздік туып, Қарқаралыдағы Бөкейді көтеру керек десті, бұл 1810- 1818 жылдары еді, бірақ Уәли 1821 жылы өлді. Уәли өлгеннен кейін 1822 жылы хандық мүлде құрыды, «Устав о Сибирских киргизах» деген заң шықты да, аға сұлтандар пайда болды. Бұрынғы «хан өтірік айтпайды, хан жарлығы қайтпайды», - деп ханды қолпаштайтын ережелер өз күшін жоя бастады.

Батыс Еуропа мәдениеті орыс елі арқылы келіп, өз әсерін жая бастады. Сауда-саттық жүрді, жәрмеңкелер ашылды, бірақ орта ғасырлық ескі тіршіліктің қаймағы бірден бұзыла қоймады.

Заты, бұл кезде монғолдық салт, шаманизм (Көк тәңірге табыну) діні басым сияқтанды. «Қырғыз (қазақ) ұлыстары Мухаммед дінінде жоқ, ескі шаман дінін қолданатын түріктерге таяу. Мұсылман діні бұларға әлі сіңбеген, ісләм дінінің ішкі мәнісін жетік білмейді», - дейді В.В.Радлов 1870 жылы шыққан түрік ұлыстарындағы халық әдебиеті жөнінде жинап бастырған кітабында. Осы пікірді Шоқан Уәлихановтың бұрынырақ айтып кеткенін жоғарыда ескерткенбіз.

Сарыарқадағы көшпелі қазақ елдерінің мән-жайын үңіле зерттеген В.В.Радлов пен Ш.Уәлиханов сынды ғалымдардың







1 Р.Ю.Виппер. История средних веков. М., 1947, с. 132.
айтқандары дұрыс, өйткені: ісләм діні арқа қазақтарына дүркін- дүркін келіп кірді. Тарихи шындыққа жүгінсек, мұсылман діні Арқаға ең алғаш X ғасырда дешті қыпшақ, оғыз заманында кірді. Бұл кезде оңтүстіктегі караханидтер әулеті мен батыс жақтағы оғыз, қыпшақ сұлтандары ісләм дінінің іргесін берік ұстады. Екінші рет күшейген кезі Берке мен Өзбек1 ханның тұсы. Үшінші күшеюі - Қасым ханның кезі (1523 жылы қайтыс болған хан). Ол Әз-Жәнібек ханның баласы. Жошының (Хорезмдегі) Ақордасын билеген; қазақ, ноғайлы, қарақалпақ, қырғыздардың басын қосқан. Сырдарияның төменгі жақ өлкесін, Қаратауды, Сайрам, Талас пен Шуды өз балаларына бөліп беріп, өзі Қараталда (Сығанак шәһәрінің жанында) тұрған.

Сарыарқада XIX ғасырдың екінші жартысына қарай орта ғасырлық феодализмнің іргесі ыдырай бастады. Россияда 1861 жылғы басы байлылықты жою лебі Аркаға да жетті. Оңтүстікте болса, Сырдария, Жетісу өлкелерінде тұрған қазақ халықтарында бұрыннан орын тепкен Хорезм, Бұхара, Қоқан, Самарқан хандықтарының ықпалы әлі зор еді.

1868 жылы Россияда «жаңа заң» шығып, Сібір қазақтарын билеу саясаты өзгерді. Бұрынғы аз да болса Таяу Шығыс дәстүрімен ел билеген хан, қазы, сұлтандардың беделі түсті, олардың орындарына болыс, тілмаш, жандарал, майор тәрізді жаңа ұлықтар көбейді. Сөйтіп, Россия әсері күшейді. Мұны:
Патша жұртын қанады, Байлар жөргем санады. Жандарал болды ұлығың, Майыр болды сыйларың. Кінәзді көрдің піріңдей, Тілмәшті көрдің жеңгеңдей, -

деп жырлады ақындар.

1861 жылы басы байлылықтан Россияның құтылуы — бұл алғашқы шара еді, алайда көпке дейін әлгі «азаттық» алған шаруалардың да көсегесі көгере қоймады. Сондықтан олар шұбырып жер ауды. Олардың алғашкы тобы Сарыарқаға сол кезеңде жетті. Осы тұста Орта Азияда адамды адам сатқан «құл базары» одан әрі жалғасып жатты. Мысалы, қалмақ




1 Б.Д.Греков, «А.Б.Якубский, Золотая Орда и ее падение». М. – Л., с. 64 и 67, 90-93; Ш.Ш.Уәлиханов. Аталған еңббегі, 629-бет.
34
елінің Толыбай сыншысынан туған Көбенді Жанкелді би Түркістанның

«кұл базарынан» екі түйе беріп, сатып әкелген екен. Жанкелді - Арқадағы Нұра мен Сарысу өзендерінің арасында қоныс тепкен адам. Ол кісі бұдан 150 жылдай бұрын дүние салды. Күншығыстан - Мысыр, Шам, Афиналар арқылы араб-парсы елдерінен келген бұл құл сатушылық Орта Азияға жеткенмен, ондай «құл базары» Батыс елінде дәл осы кезеңде жоқ еді.

Осыдан былай Сарыаркаға сауда-саттық жайылды, мал- мүлік базарға түсті. Жәрменке ашылды, базар парқын ақша биледі. Қысқасы, капитализм элементтері айқын елес берді. Бұрын, натуральды шаруа жағдайында «берген-мырза емес, алған-мырза» десетін ел, енді сауда-саттық араласқанда «берерменге бесеу көп, аларманға алтау аз», - деп толғады. Әрбір заманның белгілері тіл қорында, әдеби толғауларда үнемі осылай сақталатын із қалып отырады. Бұл жаңғыру әсері орыс елінен келді. Бұрынғы ескі әдет-ғұрпы өзгеріске ұшырап, қазақ халқы бір табан ілгері басты.

Ақ патша ұлықтарын жіберіп, миссионерлерін жұмсап, қазақ еліне отарлау саясатын қауырт жүргізіп жатқанда, Бұхара, Хиуа хандары да олардан қалыспай, мұсылман дінінің уағызшыларын лек-легімен қазақ даласына аттандырып отырды.

Орта Азияның осы қылығын сезген орыс патшашылдары қазақ тіліне

«Інжілді» де аудартты, бірақ одан православие діні қазақ еліне аса дарыған жоқ. Өйткені «шын орыс халқы әуелден де діндар халық емес», - деп В.Г.Белинский айтқандай, негізінде біздің қазақ еліне де дінге құмарлық қашан да тамырын жая бермеген тәрізді.

Осындай аласапыран дәуірде Қазан, Уфа діндарлары да өз үлесін алудан аянбады, көшпелі арқа қазақтарына ісләм дінін үйрету үшін татар, башқұрт молдалары келіп оқытты, олардың медреселері төрт жердей ашылды: Қазанда - «Мұхаммедия» медіресесі, Уфада -«Ғалия», Троицкіде - «Расулия», Орынборда -«Хусаиния» медреселері ісләм дінін уағыздады. Бұл медіреселерде оқыған азаматтар революциядан кейінгі - өткен 1930 жылдарға дейін қызмет істеп жүрді. Хайредден Болғанбаев, Құдайберген Жұбанов (Орынбордағы ~ «Хусаинияда»), Мұхаметжан Сералин (Троицкідегі «Расулияда») - Бейімбет Майлин, Жағыпар Сұлтанбеков Уфадағы «Ғалияда» оқығандар.
Осындай екі ұдай дәуірде екі әсердің ортасында тұрған қазақ елі екі жағынан да рухани нәр алды. Біреулері орысша оқуға кірісті де, екіншілері мұсылманша окып «терең» молда болуға беттеді. Біразы Москва, Петербург барып, орысша оқып жүрсе, енді біразы Бұхара, Хиуа, Ташкентке барып оқыды, ар жағынан Меккеге тәуеп етіп, әзірет сұлтанға


  • Түркістандағы хожа Ахмет Яссауидің мұнарасына кіріп, пірге қол тапсырып, «қажы», «бірәдәр» атанып келіп жүрді.

Қараңғы халықты билеп-төстеуге осы екі бағыт та қызмет етті. Осының бәрін біз араб дінінің, араб тілінің қазақ еліне қалай келгенін, жолда қандай кедергілерге кездескенін баяндау үшін айтып өттік.

Енді мақсатты мәселеміз араб діні арқылы оның әдебиетінің қалай жайылуын, нендей із қалдырғанын баяндайық.

Араб діні Иранға, одан өтіп Орта Азияға жайыла бастады. Бір заманда араб елі қожалық құрды да, ең әуелі мұсылман дініне кіргізудің бар амалын істеді. Мұндай күшті әдісті шығыстан келген Шыңғыс та, орыс патшасы да істей алған жок, сондықтан араб дінінің әсері өз дәуірінде өте терең із қалдырды. Өйткені ол дін қазақ еліне ертеден келіп орнықты. Ал Сарыарқада жатқан көшпелі қазақтарға, әрине, кенжелеп жетті, онда да араб дінінің әсері тікелей келген жоқ, ол өзбек, татар, башқұрт елдері арқылы ауысты. Топы тақияларын киіп ноғай молдалары келді, сәлделерін салып, есектеріне мініп өзбектер де жетті. Ташкент, Бұхара, Хиуа, Самарқантқа барып, оқуды «таусып» қайтқан қазақ молдалары да бастарына сәлде салып, ауыл-ауылға бөлініп, қазақ балаларын дінге үйретіп, оқытып жатты. «Ағузы» әр жерде тартылды, айқай-шу көбейді. Үндемей ішінен окитын бір пенде табылмады. Еш нәрсенің мәнісін ешкім түсіне де алған жоқ. Алайда, тым-тырыс жатқан ауылға «жаңалық» кірді.

Арабтың «Мың бір түн» ертегісі ерте жайылды. Қазақ фольклорында сол ертегіден алынған көп толғаулар бар.

«Зарқұм», «Дариға қыз», Мүғыраж», «Әбу-Шахма», «Жүсіп- Зылиқа», «Мүхаммедия», «Ләйлі-Мәжнүн» поэмаларының, «Тақ Сүлеймен», «Қызыр-Ілияс» атты ертектердің түп негізі араб әдебиетінен келген. Олай дейтін себебіміз: «Зарқұм» қиссасында Мұхаммет пайғамбардың соғысып, жеңуі, Әзірет- Әлінің батырлығы мадақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет