Сайқымазақ ДҮние



бет13/13
Дата20.06.2018
өлшемі445,2 Kb.
#43996
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ҚҰРМЕТТІ БҮЛДІРШІНДЕР!
Ертең жергілікті уақыт бойынша сағат 10-00 де Әлімбек атайдың ауласында «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫНЫҢ» ойыны болады. Ойыннан Ботақанның, Ақтиіннің, бекзат Қарлығаштар мен кербез Әтеш Қызыл Айдардың ойынын көріп тамашалайсыздар. Оқымысты-Тотықұс та қатысады.

Театрдың ашылуына келіңіздер!

ӘЛІМБЕК АТАЙ.

Ақпарақ хабарландыруға соңғы нүктені қойып, столдан белін жаза бергені сол еді құлағының түбінен Сауысқан:

– Ойын болмайды,- деп, саңқ ете түсті. Ақпарақ күтпеген қонақтың жайсыз хабарына ашуланып қалды.

– Неге болмайды?

– Қабан сендердің қожайындарыңның өзін алдап соққанын біліп ашуланып жатыр. Ертең ойын басталған кезде келіп, жұрттың алдында соны жария етпекші.

Осылай деді де Сауысқан жалбаңдап ұша жөнелді.

– Қап, жамандық хабар жеткізбесең тыныш жүре алмайтын қашанғы әдетің ғой сен өсекшінің. - Ақпарақ ызадан жылап жібере жаздады.

Саспа, Ақпарақ. Қайта Сауысқанның дер кезінде хабар бергеніне алғыс айтайық. Сен қазір Тышқанға барып хабарландыруды ілгізе бер. Ал мен Қабанды бұл ауланың маңынан жүрмейтіндей қылатын бір амалын ойластырып көрейін.

Қараланың қиналғанда қасынан табылып, көңіліне дем бергеніне Ақпарақтың кәдімгідей мерейі өсіп қалды. Ал Қараланың өз есебі бар болатын. Себебі, өткенде Ақтиін өзін әбден ұялтқалы бері Ақпарақ пен Тышқанның сеніміне кіретіндей бір жақсылық жасағысы келіп армандап жүрген. Міне, соның сәті осы жолы түскен сияқты.
ОН БЕСІНШІ ТАРАУ
Қарала көмекке келді.

Қу түлкі Қабанды жер қаптырды.
– Қабан десе, маған бір ой келіп тұр. Бүгін аңға барсақ қайтеді? - Өзінің бұрынғы достығы бойынша Қабанның үйіне еркін енген Қарала сенімді түрде тіл қатты.

– Аңға шығатын көңіл-күйім болмай жатыр. Естіген жоқсың ба?

– Пәлі, Ақпарақтың алдап соққанын айтамысың. Соны да сөз деп. Егер сәтін салып Түлкіні ұстап алсаң, әлі-ақ ісің оңғарылып жүре береді.

– Жарайды, қай жақтан аулаймыз.

Қараланың күткен жауабы да осы еді. Өйткені ол алдын-ала тоғайды мекендейтін Қу Түлкімен келісіп келген болатын. Түлкінің міндеті Қабанның алдына түсіп біраз қашқаннан кейін кез-келген үңгірге кіріп жоқ болса болды, одан арғы іс Қараланың өз қолында.

– Қаланың сыртындағы тоғайдан.

Қарала қаққан дабылдан әуелі тоғайдағы қарғалар азан-қазан көкке көтеріліп, әлден уақытта шоқ талдың түбінен құйрығы жарты кез қызыл Түлкі сылаңдап қаша жөнелді.

Түлкіні көрген бетте соңынан тұра ұмтылған Қабан әні жеттім, міне жеттіммен әбден сілесі қатты. Уәде бойынша Түлкі де бірден қара үзіп кетпей, не темір ұңғының қарауылына ілінетін ұрымтал тұсқа жақындамай, Қабанның әбден зықысын шығарды. Бір кезде Қабанның өзін бұдан арыға қууға шамасы жоқ екенін байқады ма Түлкі бірінші кездескен үңгірге зып берді де, екінші шетіндегі жасырын тесіктен атып шығып, өз жөніне зулап кете барды.

Ырс-ырс еткен Қабан мен Қарала Түлкі кіріп кеткен үңгірге қатар жеткен.

– Қап, құтылып кетті, - деді Қабан Қаралаға ашуланып.

– Құтылған жоқ әлі. Іннің ішінде жатыр. Мен бұл үңгірді жақсы білемін. Аузы тар болғанмен, іші кең. Ертеде осында Айдаһардың алтын көмбесі болған дейді. Қалай түсіп көреміз бе? Бәлкім, Түлкіден де қымбат қазынаға кез болармыз.

Қабан мұрнын шұқылап ойланып қалды.

– Қайдам, бекерге әуре болып жүрмесек.

– Түу, сен де жоқты айтады екенсің. Кәні, баста!

Қабан жүрелеп отырды да, қорбаңдап үңгірдің ішіне басын сұға бастады.

Оның қазандай басы үңгірдің ішіне толық кіргені сол тынысы тарылып қоя берді. Басын қайтып суырып ала қояйын деп еді, келсаптай басы іннің тар аузына кептелді де қалды. Кебеже қарнын қозғау да қиынға соқты. Қабанның енді қайтып тысқа шыға алмайтынына көзі анық жеткен. Қарала сақылдап тұрып күліп жіберді.

Ха-ха.... Ал, достым, жер бауырлап жата бер осылай. Ертең келіп іннің аузын қазып, шығарып аламыз.

Құт-қа-рың-дар! - Өкіре айғайлаған Қабан сыртта қалған екі аяғын дәрменсіз тырбаңдатып айдалада қала берді. Айғайын ешкім естіген жоқ.
ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Ақжүрек Ақпарақтың жеңісі.

Оның достарының иықтарынан

бір зілмауыр жүк түскендей болды.
Қарақтарым!

Көкжасыл көркем өлкедегі ертегімізді осымен аяқтасақ та болатын еді. Бірақ ақжүрек Ақпарағымыз Қараланың айласына риза болғанымен Қабанды үңгірге тұншықтырып тастап кеткенін онша құптай қоймады. Әсіресе, бүгінгідей мереке күні! Ақпарақ жалма-жан сағатына қарады да:

Достарым, дайындығымызды бастауға дейін әлі уақыт бар екен. Жүріңдер, егер қарсы болмасаңдар, Қабанды іннен шығарып келейік, - деді, ол өзін қаумалап алған достарына. Бірақ достары ұлардай шулап қоя берді.

Оны босатсақ өзіміз құримыз ғой.

Театрдың ашылуына қырсығы тиіп кетпесін.

Менің сөзіме сеніңдер, осыдан кейін ол бізге тиіспейтін болады.

Ақпарақтың кішкентай достары тағы да шулап кетті.

Қалайша?

Ол нағыз жауыздың өзі ғой.

Білем, сондықтан да қазір Қабан жатқан үңгірге баруымыз керек. Кәні, қайсың ілесесің?

Мен, - бірінші болып Тышқан алға шықты.

Мен де, - бұл Ботақан еді. Жанары жәудіреп тұр. Келесі сәтте бәрі қол ұстасып қала сыртындағы тоғайға қарай келе жатты. Көк аспанның төріндегі Күн-Ана өзінің кішкентай достарының тіршіліктеріне сүйсініп, күлім қағады.

Қабанды олар талаурап жатқан жерінен тапты. Басы үңгірдің аузына кептеліп былқ-сылқ еткен денені тар қыспақтан әрең дегенде құтқарып алды. Аузына су тамызған кезде Қабан кірпігін қимылдатып, аяқ-қолын созды.

Ақпарақ достарынан қалам-қағаз алып, үлкен әріптермен:
«ҚАБАН-

деп, жазды. Біз сені кешірдік. Егер осы ақымақтытың бүкіл көкжасыл көркем өлкеге жарияланып, масқара болмайын десең, бұдан былай Әлімбек атай мен оның кішкентай достарына жолаушы болма! Марқұм анамның атымен ант етемін, екінші жолы аямаймын! Бір топ куәлер қол қойған қол-хаттың бір данасы өмір бойы менде болады!

АҚПАРАҚ».
Ақпарақ достарын қолхаттың мазмұнымен таныстырды да бәрін қол қоюға шақырды.

– Тышқан, мә, мына қолхаттың бір данасын Қабанның қалтасына салып қой. Есін жиған кезде оқысын, - деді Ақпарақ қолхатқа бәрі қол қойып болған кезде.

– Алақай!

Ақпарақтың достары иықтарынан бір зілмауыр жүк түскендей қуанып, көңілдене айғайлап қоя берді.

Ақпарақтың көзі жасаурап, көңілі босап кетті. Анасын атып өлтіріп, ұяластарын тірідей көмген қаралы күн есіне түскен. Ақпарақ есін жиғанда Әлімбек атасының алақанында жатыр екен. Көзін ашқан бетте санасына сіңісті әдетпен жұмсақ алақанды түрткілеп енесінің емшегін іздеген. Одан кейін ұяластарының тұмсық қытықтар ашқылтым иісін аңсаған. Аңсаған да босанбаққа ниет қып бұлқынған. Бірақ қанша бұлқынса да атасының шырыш алақаны басынан, құлағының түбінен сипалап босатар болмады. Мұны босатпай бауырына басқан күйі үйіне кіріп ыдысқа сүт құйып әкелді.

– Кәні, іш, іше ғой, күшім!

Бұл тартыншақтаған. Денесі дір-дір етіп, әлсіз қыңсылайды. Адамзат атаулыдан әбден жүрегі ұшып, қорқып қалса керек.

– Әппағым, Ақпарағым менің, - деген сол кезде атасы алғаш рет...
ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ
немесе Ертегінің тобықтай түйіні
Ақпарақ ертеңіне таң аққаймақтанып атып келе жатқан кезде тұрды. Көңілі алып-ұшып Әлімбек атасының ауласындағы өздері безендірген театрдың қызылды-жасылды сахнасына Күн-Ананың алтын сәулесі түскенше тағат тауып отыра алатын емес.

Әні, Күн-Ана да ұясынан көтеріліп келеді. Ал Айдаһарға ұқсас қыр баяғы сұлық түскен қалпы қара жонданып қозғалмай жатыр. Мейлі, қозғалмаса, қозғалмай-ақ қойсың. Қазір қара да тұр әдемі киінген әйбат балалар Әлімбек атасының ауласына қарай ағылады. Өйткені, бүгін 1 МАМЫР күні көкжасыл көркем өлкедегі бұл қызыл шатырлы үйде тұңғыш рет «ЖАН-ЖАНУАРЛАР ТЕАТРЫ» өнер көрсетпекші.
АУДАРМАЛАР
1.КҮНШІЛ БОЛМА
Кейде мен барлық бала атаулыға қызғана қараймын. Мәселен, Генканың сыйдиған ұзын қолын алайық. «Эх, шіркін, сол ұзын қол Генканың орнына менде болғанда ғой, - деп ойлаймын мен, - немен шұғылдануды білген болар едім». Ұп-ұзын қолмен бәрін де алуға болады. Мысалы, қайсыбір бақта салбырап алма пісіп тұр делік, басқалар оны ұрып түсіру үшін таяқ іздеп әуреге түседі. Ал, сен ұзын қолыңды создың екен бітті, алма қалтаңда дей бер. Алма деген не, тәйірі. Мұндай қолмен қай жерде де қор болмайсын. Тек Генка аусардың бұл туралы қаперіне кіретін емес. Оған волейбол болса болды. Таңертеңнен қара кешке дейін доп соққылағанның несі жақсы дейді екен.

Ал, аяқ деп Юрканікін айт. Ол жүгіргенде желдей еседі. Бәрімізден де қашып құтылады. Алманы байқатпай жұлып ал да, тұра кеп қаш. Қуып жетіп көрсін сосын. Бірақ, түйсіксіз Юрканың баратыны ылғи стадион. Есілдерті ақ тер, көк тер болып жүгіргенге ауған.

Мен өзімнің Филиптің құлағындай қалқиған құлағым болғанын да жек көрмеймін. Үлкен әрі сақ. Мұндай құлақ менде болды бар ғой, бақтағы қарауылдың дыбысын бірінші болып естіп қаша жөнелер едім. Бірақ, Филипп те өзінің мұндай мүмкіндігінің бар екенін сезбейді, музыкамен айналысып жүр. Скрипканы ертелі-кеш шиқылдатқанда бар ғой, төзімің таусылады тіпті.

Ал, енді бас жөнінен Вовканың басындай басым болса, жаман болмас еді. Вовканы айтамын-ау, әңгүдік неме, самолеттің әртүрлі қаңқаларын құрастырып әуре. Ал, оның қилы-қилы қиялға толы басымен өздігінен жеміс жинайтын тамаша машина жасауға болар еді. Кілтпен бұрап-бұрап жібере салсаң, бітіп жатыр. Сол заматта-ақ барлық жемісті жинап әкеліп қалтаңа салып береді.

Мен күні бойы осылай балалардың бәріне қызығумен боламын. Солардың орнында өзім болғанда не істейтінімді көз алдыма сүйсіне елестетемін. Тек қана бірде ұйқы-тұйқысы шыққан Вовка маған келіп таңқалған үнмен:

– Осы сен аулаңның ішінде ары-бері неменеге жүресің де қоясың?- деп сұрады.

– Осылай, - дедім мен, - көріп жүрмін.

– Нені көріп жүрсің?

– Жәй, әншейін...

– Эх, - деді Вовка күрсініп, - маған сенің бос уақытынды берсе ғой! Онда мен мынау деген планер жасаған болар едім.


2.ТҮРЛІ-ТҮСТІ БОР
Мен жұрттың өзіме жалынғанын жақсы көруші едім. Айталық, балалар сурет салшы деп өтіне қалды бар ма, мен көңіл-күйімнің, болмаса қаламсабымның жоқ екенін көлденең тарта қоямын. Егер балалардың қайсы бірі қаламсап ұсынды екен, жауабым тағы да дайын: бұл қаламсап нашар, мен онымен сурет сала алмаймын, дейтінмін. Және сурет салу деген олар ойлағандай ананы-мынаны шимайлай салатындай жеңіл нәрсе емес екенін де ескертіп қоятынмын.

Бірақ, бірде мектептің алдындагы асфальтталған алаңқайға әлдекім қасқыр, піл, жолбарыс сықылды аңдардың суретін салып қойыпты. Аңдары түрлі-түсті борлармен салынғандықтан тура тірі дерсің.

Кешкілік маған Вовка жетінші үйге жаңа тұрғындардың көшіп келгенін, олардың қызы Катьканың суретші екенін жеткізді. Сол күннен бастап балалар менен сурет салуымды өтінуді қойып кетті. Өйткені оларға суретті Катька салып беретін және не өтінсе де екі етпейтін.

Бірде Катька бормен үлкен корабльдің суретін салды. Оның әдемілігі сондай, мен мұндайды ешқашан да салып көрген жоқ болатынмын. Көңілім кәдімгідей пәс тартып қалды. Сондықтан балалар тарап кеткен кезде корабльді торпедоға әкеліп соқтығыстырып, үлкен жарылыс жасап қойдым. Ал оның төңірегіне суға батып бара жатқан адамдарды бейнеледім. Бірақ, келесі күні мектепке келе жатып мен әлгі суға батып бара жатқан адамдардың түрлі түсті әдемі қайықтарға мініп, жағалауға тартып бара жатқанын көріп таңқалдым.

Балалар маған Катьканың суға батқан матростарды қалай «құтқарғанын» таласып-тармасып айта бастады. Бұл маған тіпті жайсыз әсер етті... «Бар болғаны шынашақтай ғана қыз, өзі теңіздің суретін салмақшы!». Мен борды ала салдым да, алып киттің суретін салдым. Кит алғашқы қайыққа жақындап жүзіп келіп, апандай аузын аша берген...

– Мейлі, ол енді не салса да өз еркі.

Мен балаларға осылай дедім де, өзіме-өзім көңілім толып үйге беттедім. Бірақ бір сағат өткенде соңымнан Вовка жүгіріп келді.

– Шық бері, тез, - дейді өзі ентігіп, - Катьканың не салғанын көрсең, анда!..

Біз мектепке қарай асықтық. Суреттің жанына балалар ығы-жығы жиналып, даурығыса күліп тұр екен. Мен кимелеп ортаға өттім де, өз көзіме өзім сенбедім: менің барлық матростарым киттің үстінде отыр, ал екі езуі жайыла күлген кит бос қайықтарды сүйреп келе жатыр. Киттің жанында Катька - кішкентай ғана пісте мұрын қыз тұрды. Үсті-басы бордың бояуынан көрінбейді.

– Енді бірігіп бірдеңе салыңдаршы, - деп өтінді балалардың біреуі.

– Керемет, - деп Катька қуана айқайлап жіберді де маған достық көңілмен күлімсірей қарады.

– Кел, енді бірігіп салайық!

МАЗМҰНЫ
БІРІНШІ БӨЛІМ
Көсемәлінің көркем әлемі................................................................................ 5

Шаншудың балконы......................................................................................18

Соп-тиак-ти.....................................................................................................42

Шарбақтының жалғызы.................................................................................61

Электорат........................................................................................................75

Біздің ауылдың шалдары...............................................................................90

Шопанбайдың шарбағы................................................................................102

Шал................................................................................................................112

Қызғаныш......................................................................................................129

Тұғырға біткен тікен......................................................................................133

Шеткері үйдің жарығы (хикаят)....................................................................142
ЕКІНШІ БӨЛІМ

Жасасын құзғында.........................................................................................164

Құзғындар қазы болса ...................................................................................165

Сұңқардың сыйы ............................................................................................165

Жапалақ..........................................................................................................166

Тырақы...........................................................................................................167

Құзғындардың көзқарасы.............................................................................167

Тектілік.............................................................................................................69

Қарақойын .....................................................................................................170

Амнистия бола ма екен?................................................................................170

«Мемлекеттік нөмір».....................................................................................171

Көкбөрі...........................................................................................................171

Құдайдың кұдыреті........................................................................................173

Күшік пен шенеунік........................................................................................174

Көкектің балапаны..........................................................................................175

Автономия.......................................................................................................176

Ақылбайдың аты .............................................................................................177

Көлеңке............................................................................................................178

Сәметтің жаны сірі екен..................................................................................178

Қаза туралы аза..............................................................................................179
ҮШІНШІ БӨЛІМ
Елгезек Бағдаршам, Ток-Қуат және басқалар (ертегі-хикаят)......................182

Күнге ғашық өлкеде (ертегі-хикаят)...............................................................211

Күншіл болма (А. Алексин)............................................................................268

Түрлі түсті бор (А. Алексин) ...........................................................................269
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ
Сайқымазақ дүние
Редакторы Дәутайұлы Несіпбек

Техникалық редакторы Телегенова Жәмила

Компьютерде беттеген Нүсіпбаева Үміткүл

Көркемдеуші Баербах Светлана


Басуға 29.11.07 ж. қол қойылды.

Пішімі 84x108 1/32.

Офсеттік басылым. 17,0 баспа табақ.

Таралымы 1000 дана. Бағасы келісімді.

Тапсырыс № 2615

“Сенім” ЖБО ЖШС-де басылды.

Тараз қаласы, Төле би көшесі 22 үй. Тел.: 43-32-84

Е-mail: senim_tz@ mail.kz
Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет