Салауатты өмір салты ұҒымының ТӘрбиелік мәні жылысбаев Нагашбек Келисбекович Магистр-оқытушы, Түркістан қ., Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі»



Дата31.01.2018
өлшемі92 Kb.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ ҰҒЫМЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Жылысбаев Нагашбек Келисбекович

Магистр-оқытушы, Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Өнер факультетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы


Түйін: Бұл мақалада салауатты өмір салтын ұстанудың ұғымына ғылыми теорилық тұрғыда талдау жасалынып, оны қалыптастырудың негізгі мәніне сипаттама берілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығына тән, дене психологиялық имандылық-адамгершілік және әлеуметтік-педогоикалық денсаулығы, өзара байланысы мен үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылған.

Кілтті сөздер: салауатты өмір салты, дене мәдениеті, дене тәбиесі, педагогикалық шеберлік.

Резюме. В этой статье был проведен анализ научно теорилық плане формирования здорового образа жизни, понятие, описание сути основных ее формирования. В целом, формирование здорового образа жизни личности, общества, природы, науки о здоровье. Здоровье человека, характерных для физической психологической нравственно-социального и нравственно-педогоикалық здоровья, гармоничного взаимодействия и формируется действиями. Термодинамические формирование здорового образа жизни человека, физической, химической, антропологического, экологического, включает в себя явления. Простой человек, член общества, этических и эстетических принципов в качестве поставщика.

Ключевые слова: здорового образа жизни, физической культуры, физической тәбиесі, педагогического мастерства.

Summary: This article was the analysis of scientific tearily terms of healthy lifestyle, the concept, the description of the essence of its main formation. In General, formation of healthy lifestyle of the individual, society, nature, the science of health. Human health characteristic physical psychological, moral and social, moral and pedagogical health, harmonious interaction and is formed by the action. The thermodynamic formation of a healthy way of life, the physical, chemical, anthropological, ecological, includes phenomena. A simple man, a member of the society, ethical and aesthetic principles as a supplier.



Key words: healthy lifestyle, physical culture, physical Tues, pedagogical skills.

Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.

Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық.

Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.

Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіннің көзін жою болып табылады [1].

Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады [2].

Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті  -  денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.

Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның әсерін барлық құрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді.

Денсаулық қатерінің негізгі  факторлары — қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз  тамақтану,   қоршаған  орта нысандарының барлығының көптеген уытты   заттармен   ластануы,    өндірісте және тұрмыста   күйзеліс   туғызатын   жағдайлар, зиянды   әдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық,   нашақорлық, т.б.) кең   таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың  негізгі  бағыттары мыналар:

-  жеке және қоғамдық гигиена;

-  дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

-  организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау;

-  күн тәртібін тиімді пайдалану;

-  дұрыс және уақтылы тамақтану;

-  жұкпа аурулардың алдын алу;

-  тән ауруларынан сақтандыру;

-  жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

-  зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды)   сақтандыру;

-  жыныс гигиенасы;

-  психопрофилактика және психогигиена;

-  кикілжің және денсаулық;

-  экология және денсаулық[3].

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.

Денсаулық үғымына берілген анықтамалар өте көп. Үлкен медициналық энциклопедияда денсаулық организм мен жүйенің атқаратын қызметін сыртқы орта теңдестіріп, ешқандай ауырсыну өзгерістері байқалмайтын адам күйі ретінде сипатталады. Дүниежүзілік денсаулық сақ-тау ұйымының анықтамасы бойынша «Денсаулық дегеніміз — бұл аурудың немесе дене кем тарлығының жай ғана жоқ болуы емес, денелік, психикалық және әлеуметтік тұрғыдан ойдағыдай толық күйі» [4].

Академик Н.М.Амосов адам денсаулығы мүшелердің атқаратын қызмет сапасы толық сақталған кезде оларды барынша көп өнім беретінін бағалауға болатын мөлшермен анықталады деп жорамалдайды [5].

И.И.Брехман денсаулықты «сезімталдық, ауызша айту және құрылымды қүш бірегей ағымдардың мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерінің әртүрлі өзгерістері жағдайында адамның жасына сәйкес тұрақтылықты сақтау қабілеті» ретінде анықтайды [6]. 

Сібірлік ғылыми мектебі ұсынған денсаулық анықтамасы — бұл «денсаулық дегеніміз — физиологиялық қасиеттерді сақтап, дамыту процесі, психологиялық әлеуметтік әлуеттер, қолайлы еңбекке жарамдылық және әлеуметтік белсенділік кезінде салауатты өмірдің барынша ұзаққа созылу процесі» [7].

Келтірілген денсаулық анықтамалары негізінен алғанда денсаулық ұғымын бірдей қамтып көрсетеді, яғни организмнің сыртқы орта (табиғи және әлеуметтік) жағдайларымен ішкі факторларға (тұқымқуалаушылық, жыныс, жас) бейімделу сапасын айқындайды. Денсаулықтың мынадай: физиологиялык, сезім әрекетіне берілгіштік, зияттылық, әлеуметтік, тұлғалық негізгі түрлері бар [8].

Ал рухани түрі осыларды бірегей тұтастыққа –денсаулыққа біріктіреді.



Денсаулықтың физиологиялық түрі – организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық сақтамаларды зерттейді.

Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.

Сезім әрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.

Әлеуметгік түр — тұлғаны әлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.

Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.

Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.

Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге және құрамдас бөліктерге бөлінеді:

1.  Тән денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің    ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың әр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.

2.  Дене денсаулығы — организм    мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функциялық сақтамалардан құралады.

3.  Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.

Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.

Рухани тазалық — тіршілік әрекетінің уәжді және ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен және уәждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, махаббат, сүйіспеншілік және әдемілікке негізделеді.

Денсаулықтың негізгі өлшемдері мыналар:

• тән және дене күйі үшін — мен істей аламын;

• психикалық күй үшін — мен тілеймін;

•  адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.

Денсаулық белгілері мыналар:

•  зақым келтіретін факторлар әрекетіне өзіне тән (иммунды) және өзіне тән емес тұрақтылық;

• өсу мен даму көрсеткіштері;

• организмнің функционалдық күйі және сақтамалық мүмкіндігі;

•  қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;

•  имандылық-еріктілік және құндылык-уәждік мақсат деңгейі[9].

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.

Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмірсалты — бұл адамның еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді көріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:

-  өмір сүру деңгейі;

-  өмір сүру сапасы;

-  өмір сүрудің өзіндік жолы.



Өмір сүру деңгейі —бұл адамның материалдық, рухани және мәдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық санат.

Өмір сүру сапасы –адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.

Өмір сүрудің өзіндік жолы — адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан.

Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.



Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін және әрекетін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. С. Жұманова. Спорттық морфология негізіндегі тәнтану. — Алматы: Рес. Бас. Каб., 1994.

  2. Г. Икіманова. Саулық пен сымбат. — Алматы: Қайнар, 1991.

  3. Б. Төтенаев. Дене тәрбиесі. — Алматы: Мектеп, 1988.

  4. Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1994.

  5. Бутин И.М. Лыжный спорт. — Москва: Академия, 2002.

  6. Е. Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: Рауан, 1991.

  7. Г. Иванов, А. Қарақов. Дене тәрбиесі. — Алматы: Рауан, 1991. ,

  8. Е. Уақбаев. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. — Алматы: Санат, 2000

  9. Демьяненко Ю.К. Физическая подготовка. — Москва: Военное издательство, 1987.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу