Эпидтексеруге шұғыл хабарламаны алған соң эпидемиолог, ал тағамдық жолмен берілуге күдіктенгенде (тағамдық токсикоинфекцияларда) тағамтану гигиенасы дәрігерімен бірге атқару.
Зерттеу кестесі: науқастан және оның маңындағылардан сырқаттың алғашқы симптомдарының пайда болған уақыты туралы сұрау; сырқаттану алдындағы соңғы екі күнде науқас пайдаланған тағамдардың тізімін құрастыру; жануарлармен болған қарым қатынастың сипаты мен дәрежесін анықтау. Ауруханаішілік жұқпа кезінде де осы сұрақтар + стационарда емделуде болғаны жөніндегі мәліметтерді анықтау; санитарлық-гигиеналық, дезинфекциялық-стерилизациялық ережелермен, сонымен бірге осы стационарда болған басқа да оқиғалармен толық жете танысу.