Сырқаттанушылықтың кәсіппен нақты байланыстылығы (тағам өнеркәсібіндегілер, тағамдық өнімдерін даярлау, сақтау және тасымалдауда қызмет етушілер). Олардың арасында бактерия тасымалдаушылық жиі тірке
Сырқаттанушылықтың кәсіппен нақты байланыстылығы (тағам өнеркәсібіндегілер, тағамдық өнімдерін даярлау, сақтау және тасымалдауда қызмет етушілер). Олардың арасында бактерия тасымалдаушылық жиі тіркеледі.
Антропоноздық сальмонеллез
Этиологиясы: S. typhimurium; S. enteritidis; S. haifa, S. infantis; S. panama.
Белгілері: антибиотиктерге полирезистенттілігі, дезинфектанттарға тұрақтылығы, адамдарға, әсіресе нәрестелерге жоғары вируленттілігі
Негізгі инфекция көзі: науқас адам және бактериятасымалдаушы.
Беріліс жолдары әр түрлі: тұрмыстық (аурухана қызметкерлерінің қолы және науқастарды күту заттары), сулық, ауа-шаңдық, (артифициалық) жасанды.