Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық салу объектілері



бет269/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   626
318-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады:

      1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;

      2) жеке тұлғаның дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі.



319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі

      1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:

      1) төлем көзінен;

      2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.

      2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:

      1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде өтемақы төлемдері;

      2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:

      осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;

      Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша – іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;

      5) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тұрғынжайды жалдау (жалға алу) бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақылары;

      6) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары;

      7) далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық үлесі;

      8) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:

      тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;

      осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктік өтемақы шегiнде тамақтануға шығыстары;

      9) жұмыс беруші контрагентпен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу талаптарын сақтаған кезде жұмыс берушінің жұмыскерлердi Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзумен байланысты шығыстары;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, оның ішінде оларды жөндеудің, жеке қорғану құралдарының, жуу және дезинфекциялау құралдарының, профилактикалық өңдеу құралдарының, медициналық қобдишаның, сүттің немесе бағасы тең басқа да тамақ өнiмдерiнiң және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің құны;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына, жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есепке жазылған өсiмпұл сомалары;

      13) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және бір жыл және одан көп уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      14) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      15) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      16) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;

      18) егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлемақысынан жеке жүргізілсе – дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші-жеке тұлғаға тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;

      тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;

      19) опционды орындау кезіне опционның базалық активі нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып кетуі (опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады);

      20) жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;

      21) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;

      22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:

      қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;

      асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;

      қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының банкке (микроқаржы ұйымына) атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;

      ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:

      банктің (микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;

      талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;

      24) банк (микроқаржы ұйымы):

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген кіріс;

      25) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ уәкілетті органның банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түрінде түзілген кіріс;

      26) борышты кешіру осы Кодекстің 232-бабы 5-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен жүргізілген кредит (қарыз) бойынша, осындай кредиттерге сыйақы бойынша берешекті қоса алғанда, берешек сомасы;

      27) "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;

      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары;

      30) жеке тұлға Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзіне медициналық көмек көрсету кезінде алған кірісі;

      31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде:

      Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;

      тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;

      мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу;

      санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;

      дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұсыну;

      Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан мүгедек алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу кезінде алынған материалдық пайда;

      32) жеке тұлғаларға өздерінен жеке тұлғаның жеке мүлкін сатып алғаны үшін төлемдер.

      Осы тармақшада көзделген, салық агенті жүргізген төлем жағдайында осы тармақшаның ережелері өткізілетін жеке заттар кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтыны және жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық салынатын объект болып табылмайтыны көрсетілетін өтінішті салық агентіне ұсынған жеке тұлғаға қатысты қолданылады;

      33) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберген кезде басқа жерге қызметтiк iссапарды ресiмдей отырып жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқытуға, бiлiктiлiкті арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге жұмыс берушінің нақты жұмсаған шығыстары;

      34) шартта белгіленген кезең ішінде – банк пен клиент арасында жасалған шарт бойынша пайызсыз кезең берілуіне байланысты төлем карточкасын ұстаушы банктік қарыз бойынша алған, сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;

      35) төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асырғаны үшін төлем карточкасын ұстаушының шотына эмитент-банктің қаражаты есебінен эмитент-банк есепке жатқызатын сома;

      36) мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға байланысты қызметтік іссапарға жіберілген жағдайда мынадай шарттар орындалған кезде жұмыс беруші болып табылмайтын салық агенті аталған тұлғаларға жол жүру мен тұруға ақы төлеу түріндегі кірістер:

      жұмыс беруші болып табылмайтын салық агентінің есебінен мемлекетішілік және шетелдік сапарларға шақыру салық агентінің қаражаты есебінен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсіби, гуманитарлық іс-шараларға, оның ішінде осындай салық агентінің жарғылық қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын сапарларға қатысу үшін жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келісімімен жүзеге асырылуы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның лауазымды адамы бұйрығының (өкімінің) болуы;

      37) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша – жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз берген техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының құны;

      38) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертігуге ұшырау немесе кәсіптік ауруға шалдығу салдарынан мүгедек деп танылған жұмыскерге жұмыс беруші өтеусіз көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек түріндегі көрсетілетін қызметтердің құны;

      39) "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құпия көмекшілерге төлемдер;

      40) жұмыс берушiнiң қызметiмен байланысты мамандық бойынша оқыту, бiлiктiлiкті арттыру немесе қайта даярлау жағдайында, қызметтік іссапарды ресімдемей жасалған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскердi оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу бойынша жұмыс берушiнiң шығыстары:

      жұмыскерді оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгiлеген нормалар шегiнде жұмыскердің тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыскер оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, бiлiктiлiгін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейiн кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      жұмыс берушi:

      жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;

      жұмыскердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзiмі iшiнде – жұмыскер оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде жұмыскерге төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

      41) осы Кодекстiң 291-бабының 1-тармағында аталған дербес бiлiм беру ұйымы тұруға, медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегi тұрғылықты жерiнен (ел, елді мекен) Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын жерге дейін және кері қайтқанда әуе көлiгiмен жол жүруге шығыстарды төлеу (өтеу) түрiнде нақты жұмсаған:

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыскері болып табылатын;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындау, қызметтерін көрсету бойынша Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын;

      осындай дербес білім беру ұйымының жұмыстарын орындайтын, қызметтерін көрсететін бейрезидент-заңды тұлғаның жұмыскері болып табылатын және тікелей осындай жұмыстарды орындайтын және осындай қызметтерді көрсететін резидент-шетелдiк тұлға алған материалдық пайда;

      42) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, бірақ осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) – 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен, мамандық көрсетіле отырып жіберілген кезде осы дербес білім беру ұйымының шығыстары:

      жеке тұлғаны оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      жеке тұлға оқуға түскен кезде оқу орнына баруға және оқу, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау аяқталғаннан кейін кері қайтуына нақты жұмсалған шығыстар;

      дербес білім беру ұйымы:

      оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      оқитын адамның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өту мерзімі ішінде – жеке тұлға оқудан, біліктілігін арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындаған ақша сомасы;

      43) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы жұмсаған мынадай түрдегі төлемдер:

      мынадай білім беру деңгейлері бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру бағдарламасында көзделген оқуға және (немесе) кәсіптік практикадан өтуге ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысуға ақы төлеуге нақты жұмсалған шығыстар;

      жол жүруге және бронь үшін шығыстарды растайтын құжаттар (оның ішінде құнын төлеу фактісін растайтын құжат болған кезде электрондық билет) негізінде – бронь үшін шығыстарға ақы төлеуді қоса алғанда, осы тармақшада көзделген оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту орнына, сондай-ақ сабақтан тыс қызмет іс-шарасы өтетін орынға баруға және кері қайтуға нақты жұмсалған шығыстар;

      уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде жеке тұлғаның тұруына нақты жұмсалған шығыстар;

      мынадай:

      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінде жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшері;

      жеке тұлға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге жіберілген кезде осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шешімінде көзделген мерзім ішінде – оқыған және (немесе) кәсіптік практикадан өткен, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысқан әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшері;

      растайтын құжаттар негізінде, келуге және кетуге арналған рұқсатты (визаны) ресімдеу кезінде жұмсалған шығыстар (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шегінде жеке тұлғаға төлеуге тағайындалған ақша сомалары.

      Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымы шешім қабылдаған күніне және оқу және (немесе) кәсіптік практикадан өту, сабақтан тыс қызмет іс-шарасына қатысу кезеңінде мұндай дербес білім беру ұйымында:

      дайындық бөлімінде;

      мынадай білім беру деңгейлері:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын бастауыш мектеп;

      негізгі мектеп;

      жоғарғы мектеп;

      мынадай білім беру деңгейлері:

      орта білімнен кейінгі білім беру;

      жоғары білім беру;

      жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлғаларға қолданылады;

      44) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының дайындық бөлімінде оқитын жеке тұлға, каникул кезеңін қоспағанда, оқу жылының әрбір күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшері шегінде тамақтануға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

      45) осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын жеке тұлға:

      медициналық сақтандыруға, оның ішінде ауырған жағдайдан ерікті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларына ақы төлеуге;

      осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымының жатақханасында тұруға шығыстарды төлеу (өтеу) түрінде алған материалдық пайда;

      46) байланыс операторы абонент қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырғаны үшін абоненттің мобильдік балансына байланыс операторының қаражаты есебінен есепке жатқызатын сома;

      47) резидент-жеке тұлғаның кірістерінен есептелген және салық агенті оны ұстап қалмай, өз қаражаты есебінен төлеген, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес жеке табыс салығының, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының сомалары;

      48) операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып табылатын Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаға, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерді мемлекеттік қаржылай емес қолдау түрінде бюджеттік қаражат есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;

      49) талап ету құқығын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым иемденген кредит (қарыз) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген:

      негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру түріндегі кіріс.

      Ескерту. 319-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет