491-бап. Салық салу объектілері
1. Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) 40 тонна және одан жоғары жүк көтеретін карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер.
58-тарау. САЛЫҚТЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ МЕН ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |