726-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі
1. Қол қою бонусының бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақтағы барлауға арналған келісімшарттар үшiн:
көмірсутектер бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 2 800 еселенген мөлшерi;
пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды және техногендiк минералдық түзілімдерді игеруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 280 еселенген мөлшерi;
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшық бойынша келісімшарттар үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 40 еселенген мөлшерi;
пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары бар аумақта – өндіруге, олар бойынша қорлар бекітілген тиісті пайдалы қазбаларды бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындау үшін осы тармақтың 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен;
2) көмірсутектерді:
өндiруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшiн:
егер қорлар бекітілмеген болса, – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнiне қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 3000 еселенген мөлшерi белгіленеді. Бұл ретте егер жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшеріне, үш жүзіншіден кейінгі әрбір блок үшін ұлғаяды;
егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,04%) + (Қа х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 10 000 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен көмірсутектердің жиынтық қорларының құны;
Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және С3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен және (немесе) көрсетiлген Комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы көмірсутектердің алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны.
Бұл ретте, егер жер қойнауын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілген жағдайда қол қою бонусының бастапқы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшеріне, үш жүзінші блоктан кейінгі әрбір блок үшін ұлғаяды;
егер жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектердің бекітілген және бекітілмеген қорлары бір мезгілде болатын аумағы блоктарға бөлінген жер қойнауы учаскесіне берілсе, онда қол қою бонусының бастапқы мөлшері тиісінше көмірсутектердің бекітілген және бекітілмеген қорлары үшін осы тармақшада айқындалған тәртіппен айқындалады. Бұл ретте қол қою бонусының бастапқы мөлшерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс;
техногендiк минералдық түзілімдерді игеруге арналған келісімшарттарды және пайдалы қатты қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке арналған лицензияларды қоспағанда, минералды шикізатты өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар үшін:
егер қорлар бекітілмеген болса – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерi;
егер қорлар бекітілген болса, – (Қ х 0,01%) + (Қа х 0,005%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 500 еселенген мөлшерiнен кем емес, мұнда:
Қ – А, В, С1 өнеркәсiптiк санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекiткен минералды шикізаттың жиынтық қорының құны;
Қа – әлеуеттi коммерциялық объектiнiң және болжамдық ресурстардың қорларын жедел есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия бекiткен және (немесе) көрсетiлген комиссия қорытындысында назарға алынған С2 санатындағы минералды шикізаттың алдын ала бағаланған қорларының жиынтық құны;
кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшыққа арналған келісімшарттар үшiн – (Қ х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 120 еселенген мөлшерiнен кем емес;
3) техногендiк минералдық түзілімдерді қайта өңдеуге арналған келісімшарттар үшiн – (Қ1 х 0,01%) формуласы бойынша, бірақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 300 еселенген мөлшерiнен кем емес;
4) сарқынды суларды ағызу үшiн жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар үшiн – республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң 400 еселенген мөлшерi.
2. Пайдалы қазбалар қорларының құны:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикі газды қоспағанда, көмірсутектер үшiн – қол қою бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнге осы Кодекстiң 741-бабына сәйкес көмірсутектердің шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте көмірсутектердің Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнге ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 741-бабының 3-тармағында көрсетiлген мұнайдың стандартты сұрыпының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға бойынша Қазақстан Республикасының ішкі нарығына өндірілген шикі газды берудің ең аз көлемі туралы жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелері көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша шикі газ үшін мына формула бойынша:
Қ = V1 х Б1 + V2 х Б2, мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге жататын А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;
V2 – V1-ді қоспағанда, А, В, С1 өнеркәсіптік санаттары бойынша Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен шикі газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасы белгіленімінің орташа арифметикалық мәні;
ҚА = V1 х Б1 + V2 х Б2, мұнда:
V1 – Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізуге жататын, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;
V2 – V1-ді қоспағанда, әлеуетті коммерциялық объектінің және Қ3 санатының болжамдық ресурстарының қорларын жедел есептеу үшін Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы бекіткен және (немесе) көрсетілген Комиссия қорытындысында назарға алынған Қ2 санатындағы шикі газ қорларының көлемі;
Б1 – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын баға;
Б2 – осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын, шикі газ бағасы белгіленімінің орташа арифметикалық мәні;
3) осы Кодекстiң 745-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қою бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған күннің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнге осы Кодекстiң 745-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.
Конкурс шарттары жарияланған күннің немесе тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерi бағаларының ресми белгіленімі жарияланбаған жағдайда бұрын осындай бағалар белгіленімі жарияланған соңғы күн бағаларының ресми белгіленімдері пайдаланылады.
Егер пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда пайдалы қазбалардың тиiстi түрлерiн өндiруге арналған келісімшарттар үшiн қол қою бонусының бастапқы мөлшерi осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде белгiленедi.
3. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс өткiзiлгенге дейiн қол қою бонусының бастапқы мөлшерi құзыреттi органның конкурстық комиссиясының шешiмi бойынша ұлғайтылуы мүмкiн.
4. Қол қою бонусының бастапқыдан төмен емес сомадағы түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өткiзiлген конкурстың нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия шешiмімен белгілейді немесе жер қойнауын пайдаланушымен тiкелей келiссөздер жүргiзу нәтижелерi бойынша құзыреттi орган белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа енгiзiледi.
5. Келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде қол қою бонусының мөлшері мынадай тәртіппен:
1) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) пайдалы қазбалар қорлары бекітілсе – осындай қорлардың көлеміне қатысты осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған тәртіппен пайдалы қазбалар түріне қарай;
2) егер кеңейтілетін келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) пайдалы қазбалардың қорлары бекітілмесе:
көмірсутектер бойынша келісімшарттар үшін – келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициенті мен осы келісімшарт бойынша қол қою бонусының бастапқы сомасының көбейтіндісі ретінде айқындалады. Келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициенті келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілетін алаң мөлшерінің келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) алаңының бастапқы мөлшеріне қатынасы ретінде үтірден кейін төрт белгіге дейінгі дәлдікпен айқындалады.
Бұл ретте, егер келісімшарт аумағының (жер қойнауы учаскесінің) кеңейту коэффициентінің мәні 0,1-ден асқан жағдайда, оның кеңейтілу жағдайларының санына қарамастан, осындай асып кетуге келетін қол қою бонусының мөлшеріне 3 коэффициенті қолданылады;
минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша келiсiмшарттар үшін – пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгiленген ең төмен мөлшерде айқындалады.
6. Осы бапта белгіленген қол қою бонусын есептеу тәртібі аукцион нәтижелерін бойынша берілетін барлауға немесе өндіруге арналған лицензияларға қолданылады.
727-бап. Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, геологиялық зерделеуге, кен іздеушілікке, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусын есептеу ерекшеліктері
Аукцион нәтижелері бойынша берілетін лицензияларды қоспағанда, геологиялық зерделеуге, кен іздеушілікке, пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензиялар бойынша қол қою бонусының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және қол қою бонусын төлейтін күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішті білдіретін мөлшерлеме негізге алына отырып есептеледі:
№
|
Атауы
|
Мөлшерлеме АЕК-пен
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Барлауға арналған лицензия
|
100
|
2.
|
Өндіруге арналған лицензия
|
50
|
3.
|
Кен іздеушілікке арналған лицензия:
|
|
3.1.
|
берілген аумақтың алаңы 0,3 км2-ге дейін болған кезде
|
9
|
3.2.
|
берілген аумақтың алаңы 0,3-тен 0,5 км2-ге дейін болған кезде
|
12
|
3.3.
|
берілген аумақтың алаңы 0,5-тен 0,7 км2-ге дейін болған кезде
|
15
|
4.
|
Геологиялық зерделеуге арналған лицензия
|
2000
|
Достарыңызбен бөлісу: |