Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық салу объектілері



бет311/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   626
368-бап. Салық салу объектілері

      Мыналар қосылған құн салығы салынатын объектілер болып табылады:

      1) салық салынатын айналым;

      2) салық салынатын импорт.



369-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

      1. Мыналар салық салынатын айналым болып табылады:

      1) осы Кодекстің 370-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым.

      Осы Кодекстің 197-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, бұрын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде босатылған айналым өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап ретроспективті түрде салық салынатын айналым деп танылады;

      2) осы Кодекстің 373-бабына сәйкес бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын төлеуші жасайтын айналым;

      3) тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым. Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы есепке жатқызылатын қосылған құн салығы ретінде есепке алынған және қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен:

      қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігі ұсыныла отырып шығарылған кезде – осындай есептілік ұсынылған күннің алдындағы күнге;

      салық органының шешімі бойынша шығарылған кезде – осы Кодекстің 85-бабының 6-тармағында көрсетілген күнге оған меншік құқығымен тиесілі болатын тауарлар тауарлардың қалдықтары түріндегі айналым деп танылады.

      Осы тармақшада көзделген айналымға осы Кодекстің 370-бабының 3) тармақшасында көрсетілген салық салынбайтын айналым енгізілмейді.

      Осы тармақтың ережесі бірігу нәтижесінде жаңадан құрылған барлық заңды тұлғалар немесе өзіне басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қосылған заңды тұлға қайта ұйымдастырудан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады деген шарт орындалған кезде, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде қолданылмайды.

      2. Мыналарды:

      жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

      ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, оның ішінде аванстарды қоспағанда, осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарларға негізгі құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар және басқа да мүлік жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет