Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт



бет339/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   626
399-бап. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

      1. Мыналардың:

      1) ұлттық және шетел валютасы банкноттары мен монеталарының (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзаттың;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес бекітілген, тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлардың;

      4) акцизделетіндерді тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлардың;

      5) акцизделетін тауарларды қоспағанда, қайырымдылық көмек, техникалық жәрдем көрсету мақсатында мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың желісі бойынша әкелінетін тауарлардың;

      6) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың;

      7) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдардың, консулдық қызметшілердің жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың;

      8) салық төлеуден босатуды көздейтін кедендік рәсіммен орналастырыла отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарлардың;

      9) ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ғарыш объектілерінің, жербеті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдығының импорты қосылған құн салығынан босатылады. Осы тармақшаның ережелері нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның осындай ғарыш объектілері мен жабдықтың ғарыш қызметінің мақсаттары үшін әкелінгені туралы растауы негізінде қолданылады;

      10) мынадай:

      Дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      10-1) кез келген нысандағы дәрілік заттарды, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы, мүгедектерге берілетін арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, медициналық бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтың және жинақтауыш заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      11) ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттардың; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдардың және ветеринариялық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) кез келген нысандағы дәрілік заттарды өндіруге және протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, ветеринариялық мақсаттағы бұйымдарды және ветеринариялық техниканы өндіруге арналған материалдардың, жабдықтың және жинақтауыш заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Осы тармақшада көрсетілген тауарлардың тізбесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банк немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы – заңды тұлға импорттайтын инвестициялық алтынның;

      13) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген діни бірлестіктер әкелетін діни мақсаттағы заттардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Көрсетілген тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

      14) бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:

      шикізат және (немесе) материалдар импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен тізбесіне енгізілсе;

      шикізатты және (немесе) материалдарды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттармен ресімделсе;

      әкелінген шикізатты және (немесе) материалдарды қосылған құн салығын төлеуші талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде тек қана инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде қолданса, инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі (инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шикізаттың және (немесе) материалдардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      Инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығынан босату Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшартқа қосымша болып табылатын жұмыс бағдарламасында көзделген тіркелген активтер пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап қатарынан бес жыл бойғы мерзімге беріледі. Егер жұмыс бағдарламасында екі және одан көп тіркелген активті енгізу көзделген жағдайда, инвестициялық келісімшарт шеңберінде шикізаттың және (немесе) материалдардың импортын қосылған құн салығын төлеуден босату мерзімін есептеу жұмыс бағдарламасы бойынша алғашқы тіркелген актив пайдалануға берілген айдың 1-күнінен бастап жүргізіледі.

      Тауарлар еркін айналым үшін не ішкі тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына шығарылған күннен бастап бес жыл ішінде осы тармақшада белгіленген талаптар бұзылған жағдайда, импортталатын шикізат және (немесе) материалдар бойынша қосылған құн салығы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарлар әкелінген кезде оларға қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады;

      15) мынадай шарттар сақталған кезде:

      көлік құралдарын өндірушілерге қатысты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса;

      ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге қатысты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім болса, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған арнайы инвестициялық шарт шеңберінде заңды тұлға еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған көлік құралдарының және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасының құрамындағы шикізаттың және (немесе) материалдардың;

      16) егер:

      оларды "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесіне енгізілген заңды тұлға әкелсе;

      олар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өткізу үшін аффинирленген алтынды өндіру кезінде ғана пайдаланылса, өңделмеген бағалы металдардың, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарының және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      17) тармақша 01.01.2029 дейін қолданыста болады - ҚР 26.12.2018 № 203-VI Заңымен.

      17) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келген кезде:

      тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекіткен, импорты қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың тізбесіне енгізілсе;

      тауарларды әкелу Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттармен ресімделсе;

      тауарлар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдалану мақсатында ғана әкелінсе, "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер әкелген тауарлардың импорты қосылған құн салығынан босатылады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1) – 13) тармақшаларында көрсетілген тауарлардың импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

      1) тауарлар еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылса;

      2) еркін кедендік аймақ немесе еркін қойма кедендік рәсімі ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен аяқталса;

      3) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес дайын өнім құрамындағы тауарларды сәйкестендіру жүзеге асырылса, арнайы экономикалық аймақтың немесе еркін қойманың аумағында өндірілген дайын өнім құрамындағы тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босатуды қолдануға құқылы.

      Ескерту. 399-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 203-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет