415-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым:
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында экспедитор жазып беретін шот-фактурада:
өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.
3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 215-бабына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |