418-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.
2. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді – сенім білдірілген өкіл, ал осы Кодекстің 374-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, осы бөлімде айқындалған тәртіппен сенім білдіруші жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |