Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Еуразиялық экономикалық одақта алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу



бет382/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   626
449-бап. Еуразиялық экономикалық одақта алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға салық салу

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы баптың 7-тармағында және осы Кодекстің 450-бабында көзделген тауарларды қайта өңдеу шарттары мен алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі сақталған жағдайда қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.

      2. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше сол мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда мыналар Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау болып табылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттар (келісімшарттар);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттар;

      3) алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеме);

      4) қайта өңдеу өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді растайтын құжаттар (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені орындау);

      5) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (қағаз жеткізгіштегі түпнұсқасы немесе көшірмесі) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда).

      Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына әкеткен жағдайда осы тармақшада көрсетілген өтініш не өтініштер тізбесі ұсынылмайды;

      6) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттар;

      7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы.

      3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге, дайын өнімді беруге арналған шарттарды (келісімшарттарды);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

      3) алыс-беріс шикізатын және дайын өнімді қабылдап алу-тапсыру актілерін;

      4) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);

      5) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

      6) алыс-беріс шикізатының меншік иесінен алынған, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың құнынан қосылған құн салығының төленгенін растайтын тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті;

      7) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын;

      8) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      4. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына өткізе отырып орындаған жағдайда, алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растау үшін Қазақстан Республикасының салық төлеушісі:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық төлеушілері арасында жасалған шарттарды (келісімшарттарды);

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындау фактісін растайтын құжаттарды;

      3) Қазақстан Республикасының аумағына алыс-беріс шикізатының әкелінуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемені);

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан қайта өңдеу өнімдерінің әкетілуін растайтын құжаттарды (оның ішінде қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттеменің орындалуы);

      5) тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағына экспорттың кедендік рәсімінде әкету кезінде ресімделген тауарларға арналған декларацияның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кедендік декларациялауды жүзеге асырған кеден органы растаған көшірмесін;

      6) салық органдарының ақпараттық жүйелерінде кеден органдарының тауарларды іс жүзінде әкету туралы хабарламасы бар электрондық құжат түріндегі, сондай-ақ тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылатын тауарларға арналған декларацияны ұсынады. Осы тармақшада көзделген электрондық құжат түріндегі тауарларға арналған декларация болған кезде осы баптың 4-тармағының 5) тармақшасында белгіленген құжатты ұсыну талап етілмейді;

      7) осы Кодекстің 152-бабының 7-тармағында көзделген, салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарына валюталық түсімнің түскенін растайтын құжаттарды;

      8) тиісті уәкiлеттi мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысын ұсынады.

      5. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының аумағында өткізе отырып әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарға осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынуға жатады.

      6. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ оның орындалуын ұсынады.

      7. Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу уәкілетті орган белгілеген тауарларды қайта өңдеу шарттарына сәйкес келуге тиіс.

      8. Тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытындысы мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

      1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлар мен қайта өңдеу өнімдерінің атауы, сыныптамасы, олардың саны және құны;

      2) қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) күні мен нөмірі, қайта өңдеу мерзімі;

      3) қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары;

      4) қайта өңдеу сипаттамасы;

      5) қайта өңдеуді жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер.

      9. Тұлғаның уәжді сұрау салуы бойынша салық органының рұқсатымен, егер қайта өңдеу өнімдері өзінің сипаты, саны, құны, сапасы мен техникалық сипаттамалары бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін болса, оларды бұрын қайта өңдеуші өндірген тауарлармен алмастыруға жол беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет