450-бап Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі
1. Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізатын есепке қабылдау және (немесе) тиеп-жөнелту күнінен бастап екі жылдан аспайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу үшін әкелінген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында салық салынатын импорт деп танылады және тауарлар осы тарауға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген күннен бастап оған қосылған құн салығы салынуға жатады.
3. Көрсетілген баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына қайта өңдеу үшін әкетілген алыс-беріс шикізаты салық салу мақсатында өткізу бойынша салық салынатын айналым деп танылады және осы Кодекстің 393-бабының 3-тармағында және осы Кодекстің 447-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан алыс-беріс шикізаты әкетілген күннен бастап осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша оған қосылған құн салығы салынуға жатады.
Осы тармақтың мақсаттарында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағына қайта әкелінбеген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің көлеміне тура келетін алыс-беріс шикізаты бойынша салық салынатын айналымның мөлшері халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген есеп саясаты негізінде осындай қайта өңдеу өнімдерінің өзіндік құнына енгізілген алыс-беріс шикізаты құнының мөлшерінде айқындалады.
Осы бапты қолдану мақсаттары үшін салық төлеушінің есепке алу саясатында белгіленген өзіндік құнды айқындау әдісі күнтізбелік бір жыл ішінде өзгертілуге жатпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |