Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Преференцияларды қолдану



бет232/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   626
275-бап. Преференцияларды қолдану

      1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:

      1) объект пайдалануға енгізілгеннен кейінгі шегерім әдісі;

      2) объект пайдалануға енгізілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.

      2. Объект пайдалануға енгізілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференциялар объектілерінің осы Кодекстің 276-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салықтық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға енгізу жүзеге асырылған салықтық кезеңде біржолғы ретпен шегерімге жатқызуды білдіреді.

      3. Объект пайдалануға енгізілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға енгізілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салықтық кезеңде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.

      4. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше көзделмесе, егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең ішінде мына жағдайлардың бірінде:

      1) салық төлеуші осы Кодекстің 274-бабы 2 – 4-тармақтарының ережелерін бұзуға жол берсе;

      2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда, оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 274-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай басталса, преференциялар қолданыла бастаған күннен бастап жойылады және салық төлеуші шегерімдерді преференциялар қолданылған әрбір салықтық кезең үшін олардың сомасына азайтуға міндетті.

      5. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, егер осы Кодекстің 274-бабының 2-тармағында белгіленген преференциялар объектілерін пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі кемінде үш салықтық кезең ішінде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалану туралы талап осындай қайта ұйымдастыру салдарынан орындалмаған жағдайда, қайта ұйымдастырылған тұлғада преференцияларды жою жүргізілмейді.

      Осы тармақ мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті қайта ұйымдастырылу күнінде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болса;

      2) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға преференциялар қолданылған объектілерді қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға берсе;

      3) преференциялар объектілерін беру қайта ұйымдастырылу нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш жыл ішінде жүзеге асырылса, қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   626




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет