19. «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы
Көктем туралы өзгені қайталамай бір- бір сөйлемнен айту. Берілген тақырып бойынша бір мәтін шығады.
20. «Кубизм» стратегиясы
Кубизм тақырыпты жан-жақты қамтуға мүмкіндік туғызатын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия бойынша ойлау мен жазуға көмектесу үшін кубикті және оның жан- жағындағы сөздерді қолданады. Көлемі 15-20 см болуы керек. 6 жағына мынадай нұсқаулар жазылады.
1. Сурет (ойыңызша тақырыпқа жақынырақ келіп, түсінігіңізді суреттеңіз: түсі, формасы, көлемі)
2. Салыстырыңыз (неге ұқсас, басқалардан қандай айырмашылығы бар)
3. Байланыстырыңыз (ойыңызға нені түсіреді, ұқсас заттар бар ма? Әлде өзгеше заттар бар ма?) Ойыңызбен шолып өтіңіз, осы мәселеге байланысты қандай мәселе бар?
4. Саралаңыз (зерттеңіз) қалай жасалғандығын айтыңыз.
5. Қолданыңыз . онымен не істеуге болатындығын айтыңыз және қалай қолданылатынын айтыңыз.
6. Талқылаңыз немесе қарсыласыңыз. Өз ойыңызда тұрыңыз. Өзіңіздің дәлеліңізді немесе жаңадан туған бір пікірді айтыңыз.
Оқушы кубиктің жағындағы сөзге жауап беруі керек. Ойды ортаға салған кезде оған жазылған бір ереже жаз. Бір ғана мақсат аса ұтымды талқылау, ой алмасу.