«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан 60
18 Қарыздар (жалғасы) «Ereymentau Wind Power» ЖШС Еуразия Даму банкі 2019 жылғы 31 қазандағы № 193 жаңартылмайтын кредиттік желі туралы кредиттік шарт аясында «Ereymentau
Wind Power» ЖШС (бұдан әрі - «EWP») Ақмола облысында жел электр стансасын салуға ұзақ мерзімді қарыз
тартты. Кредиттік шарт күшіне енген күннен бастап жеті жыл ішінде берілген транштар үшін пайыздық
мөлшерлеме жылдық 11.5% құрайды, шарттың алғашқы жеті жылы аяқталғаннан кейінгі транштар үшін -
маржаны қосқанда базалық мөлшерлеме сомасы.
«Алматы электрстанциялары» АҚ «Қазақстан Халық банкі» АҚ 2014 жылғы 26 қарашада Компания «Қазақстан Халық банкі» АҚ-пен кредит желісін беру туралы келісім
жасады (бұдан әрі – Келісім). Тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылына 12.7% – 15.2% құрайды. Қарыздың өтеу
мерзімі 2021-2025 жылдары құрайды.
Қарыздың негізгі мақсатты Компанияның ««АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2 станциясын реконструкциялау мен
кеңейту.ІІІкезек. №8 қазандық агрегаты» инвестициялық жобасымен байланысты берешегін қайта
қаржыландыру, шығарылған индекстелген облигациялар бойынша берешегін қайта қаржыландыру,
«БанкЦенрКредит» АҚ берешегін қайта қаржыландыру, «3-ЖЭО күл үйіндісін қайта құру» инвестициялық
жобасын қаржыландыру болып табылады. Қаражаты қамтамасыз ету ретінде болашақта контракт бойынша
«Алматыэнергосбыт» ЖШС және «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы жылу желілері» ЖШС- тан
түсетін ақшалай белгіленді.
2021 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Халық банкі» АҚ «ЖЭО-3 алаңында қуаты 450 МВт-ға дейін БГҚ салу»
жобасын (30-ескертпе) қаржыландыру және электр энергиясының әзірлігін қолдау қызметіне жеке тариф алу
мақсатында аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді ұсыну үшін
3,564,518
мың теңге сомасында банктік кепілдік шығарды.