«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет71/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
76 
33 
Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы)
Дефолт ықтималдылығын бағалау үшін Топ дефолтты төменде көрсетілген критерийлердің біреуіне немесе 
бірнешеуіне сәйкес келетін тәуекел жағдайы ретінде белгілейді:
 

Қарыз алушының шартта көзделген өтеу мерзімін 90 күннен аса уақытқасозуы; 

халықаралық рейтинг агенттіктері қарыз алушыны дефолт рейтингіндегі сыныпқажатқызады; 

қарыз алушы төменде көрсетілген төлемсіздік қабылеті ықтималының белгісіне сәйкескеледі: 

қаржылық актив бойынша пайыз есептемесінің тоқтатылуы/ пайыз мөлшерлемесініңтөмендеуі; 

негізгі қарыздың есептеншығарылуы; 

қаржылық активтің номинальды құнына қарағанда елеулі дисконтпенсатылуы; 

қарыз құнының төмендеуіне/есептен шығарылуына, берешектің кешірілуіне әкелетін қайта құрылымдау; 

қаржылық активті өтеу мерзімініңұзартылуы; 

негізгі қарыз/пайздық төлем бойынша төлем мерзімінің мейлінше кейінгешегерілуі; 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес контрагенттің банкрот дептанылуы; 

контрагенттің банкроттық туралы өтініш бойынша талап арызынберуі; 

кепілдік шартымен немесе шарт бойынша кепілдік ақысының төленуімен қамтамасыз етілген 
міндеттемелер бойынша мерзімнің ұзартылуы 90 күннен асады. 
Ақпаратты жария ету үшін Топ дефолт анықтамасын құнсызданған активтер анықтамасына сәйкестендірді. 
Дефолттың жоғарыда берілген анықтамасы Топтың барлық қаржылық активтеріне қатысты қолданылады.
 
Егер құрал үш ай қатарынан қандай да бір дефол ткритерийіне жатқызылмаған болса, дефолт деп 
есептелмейді (яғни төлемнің ұзартылуы жойылады). Бұл кезең талдау негізінде анықталды, талдау 
барысында ұзарту мерзімін жоюдың түрлі анықтамалары пайдаланылып, төлемді ұзарту жойылғаннан кейінгі 
қаржылық құралға дефолт мәртебесін беруді қайтару ытималдылығыескерілді.
 
Кредит тәуекелінің елеулі мөлшерде ұлғаюының болуы немесе болмауының бағалануы (SICR) алғашқы 
танылған сәттен бастап жеке түрде де, портфельді негізде де орындалады.
Осы шоғырландырылған қаржылық есепте танылатын күтілетін кредит шығындарының деңгейі қарыз 
алушының кредит тәуекелінің алғашқы танылған сәтінен бастап елеулі ұлғаюына байланысты белгіленеді.Бұл 
бағыт күтілетін кредит шығындарын бағалаудың үш кезеңдік моделіне негізделген. 1-кезең – алғашқы танылу 
сәтінде құнсызданған санатына жатқызылмаған және сол сәттен бастап оған қатысты кредит тәуекелі елеулі 
түрде өспеген қаржылық құрал үшін.
2-
кезең – егер алғашқы танылу сәтінен бастап кредит тәуекелі елеулі түрде өскені анықталса қаржылық құрал 
2-
кезеңге ауыстырылады, бірақ әзірше құнсызданған болып есептелмейді, бірақ кредит шығындарына 
қатысты бағалау резерві барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредиттік шығындар негізінде құрылады. 3-кезең – 
егер қаржылық құрал құнсызданған болып табылса, ол 3-кезеңге ауыстырылады, және бағалау резерві 
барлық мерзім ішіндегі күтілетін кредиттік шығындар негізінде құрылады. Актив 3-кезеңге ауысуы нәтижесінде 
ұйым пайыздық табысты жалпы теңгерімдік құны негізінде тануды доғарады және пайыздық кірісті есептеу 
кезінде теңгерімдік құнға қатысты күтілетін кредит шығындарын алып тастағандағы активтің тиімді пайыздық 
мөлшерлемесінқолданады. 
Кредиттік тәуекелдің елеулі ұлғаюының критерийі орындалмағаны туралы дәлелдер болса, құрал қайтадан 1- 
кезеңге ауыстырылады. Егер тәуекел сапалық белгісі негізінде 2-кезеңге ауыстырылса,Топ бұл белгіге 
қатысты, оның сақталуы немесе өзгеруіне көз жеткізу үшін мониторинг жасайды. 
Сатып алынған немесе құрылған құнсызданған қаржылық активтер бойынша кредиттік шығындарды бағалау 
әрдайым тұтас мерзімге бағаланады. Осылайша Топ барлық мерзімдегі күтілетін кредиттік шығындардың 
шоғырландырылма өзгерістерін таниды.
Төмендегі кестеде өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек секілді құнсыздану моделінің жекелеген кезеңдері 
бойынша бағаланатын қаржылық активтер жіктемесі келтірілген. Өзге қаржылық активтердің кредиттік 
шығындарына қатысты бағалау резерві 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша маңызды емес болып 
табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет