«самұРЫҚ-энерго»



Pdf көрінісі
бет76/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2

«САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АҚ 
 
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ескертпелер – 2021 жылғы 31 желтоқсан
 
82 
33 
Қаржылық тәуекелдерді басқару (жалғасы) 
Пайыздық тәуекел. 
Топ қаржылық жағдайына және ақша ағындарына нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің басым деңгейінің 
ауытқуының әсерін қабылдайды. 
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі ұзақ және қысқа мерзімді қарыздардан туындайды. Топ Лондон 
қор биржасында LIBOR квоталарының әлеуетті нарықтық тәуекеліне ұшырайды. LIBOR-дің өсуі топтың ақша 
қозғалысына теріс әсер етуі мүмкін. Топ өзгермелі мөлшерлемелердің өзгеруіне мұқият мониторинг жүргізеді. 
Топта пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты тәуекелдерді талдау және жеңілдету туралы ресми 
келісімдер жоқ.
Егер 2021 жылғы 31 желтоқсанда пайыздық мөлшерлемелер 125 және 25-базистік тармақта жоғары/төмен 
болса, оның үстіне барлық басқа ауыспалы сипаттамалар өзгеріссіз қалса, бір жылдағы пайда ауыспалы 
пайыздық мөлшерлемесі бар міндеттемелер бойынша неғұрлым жоғары/төмен пайыздық шығыстар 
нәтижесінде 50,924 мың теңгеге кем және 10,185 мың теңгеге артық (2020 жылғы 31 желтоқсанда: 60,751 мың 
теңгеге кем және 12,150 мың теңгеге артық). 
Капиталды басқару 
Капиталды басқарудағы топтың міндеттері - бұл топтың акционерлер үшін пайда мен басқа мүдделі 
тараптардың пайдасын қамтамасыз ету және капиталдың құнын төмендету үшін капиталдың оңтайлы 
құрылымын сақтау үшін Қызметтің үздіксіздігі принципіне сәйкес өз қызметін жалғастыру қабілетін қамтамасыз 
ету. Капитал құрылымын қолдау немесе түзету үшін топ акционерлерге төленетін дивидендтер сомасын 
реттей алады, капиталды акционерлерге қайтара алады немесе қарыз қаражатын азайту үшін активтерді сата 
алады. Саланың басқа компаниялары сияқты, топ меншікті және қарыз капиталының арақатынасы негізінде 
капиталға мониторинг жүргізеді. Бұл қатынас капиталдың жалпы сомасына бөлінген таза қарыз қаражаты 
ретінде анықталады. Таза қарыз қаражаты ақша қаражаты мен олардың баламалары шегеріле отырып
қарыздардың (қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген «қысқа мерзімді қарыздарды» 
және «ұзақ мерзімді қарыздарды» қоса алғанда) жалпы сомасы ретінде айқындалады. Капиталдың жалпы 
сомасы қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте көрсетілген «капитал жиынтығы», оған қоса таза 
қарыз қаражаты ретінде айқындалады. Басшылық топтың тәуекел деңгейі үшін қолайлы 30-40% тең қарыз 
және меншікті капиталдың арақатынасын қарайды. 
Қазақстандық мың теңгемен
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет