«самұРЫҚ-энерго»


  Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы)



Pdf көрінісі
бет11/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2


Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Егер бастапқы актив бойынша ақша ағындарына қатысты құқық аяқталатындай болып, өзгертілген талаптар 
айтарлықтай ерекшеленетін болса, Топ бастапқы қаржылық активті тануды тоқтатады және жаңа активті әділ 
құны бойынша таниды. Талаптарды қайта қарау күні кейінгі құнсыздануды есептеу мақсаттары үшін, оның 
ішінде кредиттік тәуекелдің айтарлықтай көбею фактісін анықтау үшін бастапқы тану күні болып саналады. 
Топ сонымен қатар жаңа кредиттің немесе қарыздық құралдың төлемдерді қарыз бен пайыздың негізгі 
сомасының есебіне ғана төлеу критерийіне сәйкестігін бағалайды.Тану тоқтатылған бастапқы активтің 
баланстық құны мен елеулі түрде өзгертілген жаңа әділ құнның арасындағы кез келген алшақтықтар меншік 
иелерімен жүргізілетін капиталы бар операцияларға қатысты болмаған жағдайда пайданың немесе залалдың 
құрамынан көрінеді.
 
Талаптарды қайта қарау контрагенттің қаржылық қиындықтарына және оның бастапқы келісілген төлемдерді 
орындауға қабілетсіздігіне байланысты болған жағдайда Топ бастапқы және түзетілген күтілетін ақша 
ағындарын активтермен шарт талаптарының өзгеруі нәтижесіндегі активтер бойынша тәуекелдер мен 
пайданың айтарлықтай айырмашылығына қатысты салыстырады. Егер тәуекелдер мен пайда өзгермейтін 
болса, онда өзгертілген активтің бастапқы активтен айтарлықтай айырмашылығы болмайды әрі оны өзгерту 
тануды тоқтатуға әкеп соқпайды. 
Топ бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме жөніндегі шартқа (немесе сатып алынған не құрылған кредиттік 
құнсызданған қаржылық активтер үшін кредиттік тәуекелді ескере отырып түзетілген тиімді пайыздық 
мөлшерлеме бойынша) өзгертілген ақша ағындарын дисконттау арқылы жалпы баланстық құнды қайта 
есептейді және пайданың немесе залалдың құрамындағы өзгерістен болған пайданы немесе залалды таниды. 
(iii) 
Қаржылық міндеттемелер
Бағалау санаттары
 
Қаржылық міндеттемелер (і) пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық 
міндеттемелерден; (іі) кредиттер беру бойынша қаржылық кепілдіктер мен міндеттемелер шарттардан басқа 
амортизациялық құн бойынша бағаланатын салдарлар ретінде жіктеледі: бұл жіктелім сауда-саттыққа 
арналған туынды қаржылық құралдарға, қаржылық міндеттемелерге (мысалы, бағалы қағаздар бойынша 
қысқа ұстанымдар), бизнесті біріктірген кезде сатып алушы танитын шартты өтеуге және басқа бастапқы тану 
кезінде анықталған қаржылық міндеттемелерге қолданылады. 
Қаржылық міндеттемелерді тануды тоқтату
 
Қаржылық міндеттемелерді тану оларды өтеген жағдайда тоқтатылады (яғни шартта көрсетілген міндеттеме 
орындалған немесе тоқтатылған кезде, немесе оның орындалу мерзімі біткен кезде). 
Топ пен оның бастапқы кредиторларының арасында айтарлықтай өзгеше талаптары бар борыштық 
құралдармен алмасу, сондай-ақ қолда бар қаржылық міндеттемелер талаптарының маңызды түрленуі 
бастапқы қаржылық міндеттемелерді өтеу және жаңа қаржылық міндеттемелерді тану ретінде ескеріледі.Егер 
ақша ағындарының дисконтталған келтірінді құнының жаңа талаптарға сәйкес, бастапқы тиімді пайыздық 
мөлшерлемені пайдаланып алынған сыйақыларды шегергендегі дисконтталған барлық төленген 
сыйақыларды қоса алғанда, бастапқы қаржылық міндеттемелер бойынша қалған ақша ағындарының 
дисконтталған келтірінді құнынан кем дегенде 10% айырмашылығы болса, талаптардың елеулі 
айырмашылықтары бар болып саналады. Бұған қоса, басқа да сапалық факторлар ескеріледі. Егер қарыздық 
құралдармен алмасу немесе талаптарды өзгерту өтеу болып есептелсе, онда барлық шығындар немесе 
төленген сыйақылар өтеуден түскен пайданың не одан болған залалдың құрамында танылады. Егер алмасу 
немесе өзгеріс өтеу болып саналмаса, онда барлық шығындар немесе төленген сыйақылар міндеттемелердің 
баланстық құнын түзету ретінде көрсетіледі және өзгертілген міндеттемелер қолданылатын қалған мерзім 
ішінде амортизацияланады. 
Міндеттемелердің өтеуге әкеп соқпайтын түрленуі кумулятивтік амортизацияны кейінгі күнмен есептеу әдісі 
бойынша бағалау мәнінің өзгеруі ретінде ескеріледі, мұнда пайда немесе залал баланстық құндағы 
айырмашылықтың экономикалық мазмұны меншік иелерімен жүргізілетін капиталы бар операцияларға 
жатпайтын болса, пайда немесе залал құрамында көрсетіледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет