Сананың қалыптасуы Ислами сана


Мақсаты айқындалмаған сана



бет4/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Мақсаты айқындалмаған сана

Біз басымыздағы сананың, түсініктің дұрыс не жаңылыс қалыптасқанын қайдан білмекпіз? Әлбетте біз оны дұрыстармен салыстыру арқылы біле алмақпыз. Хәкім Абайдың: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» - деген сөзіне сүйене отырып, бұл маселені Алланың сөзі болған Құранмен салыстырмалы түрде қолға алсақ, «Зәрият» сүресінің 56-аятында Алла Тағала: «Жындар мен адамзатты тек қана мағаг құлшылық етулері үшін жараттым» деп баяндауда. Бұл жерде айтылып жатқан құлшылық қай мағынада, бұдан не меңзелуде? Әлде біз түсінген тек қана намаз, ораза, зекет, қажылықтан ғана тұра ма, я болмаса, Құран оқытып, ас беруді ғана түсінеміз бе? Ал егер құлшылық осы айтылғандардан ғана тұрады десек, онда біз дінді тар шеңбердің ішінде түсінген боламыз. Осы орайда бұл түсінігіміз мына оқиғаның мысалындай. Үндістан жерінде адамдар бір күні піл көрмеген төрт соқыр мен пілді қораға қамап,
– Ал енді пілді ұстап көріп, бізге оның қандай екенің айтып беріңдерші- дейді. Сонда олардан біреуі мұрынын ұстап көріп,
– Піл дегеніміз шланкі секілді бір нәрсе екен ғой десе, екіншісі құлағынан ұстап көріп,
– Піл дегеніміз жапырақ секілді болды ғой дейді. Үшіншісі аяағынан ұстап көріп,
Піл дегеніміз бағана десе, төртіншісі үстіне шығып көріп,
– Піл дегеніміз мамық төсек екен деген тоқтамға келеді.
Бұл жерде төртеуі де қателескен болатын. Өйткені олар басындағы шағын болған мағұлматпен өздеріне жат болған дүниені танымақшы боп, алып бір пілді бір жақтама қарай отырып, бағана, жапырақ сияқты болмашы нәрселердің болмысына сыйдырып, күлкіге қалып жатты. Бәлкім, олар пілді толықтай, біртұтас ұстап көргеннен кейін, «біздің бұл пілді танитындай мағлұматымыз жоқ екен» дегендерінде ақиқатқа біраз болсын жақындаған болар еді...
Сонымен құлшылық дегеніміз не екен? Иә, бұл өзекті де маңызды, зер салып, терең бойлауды керек ететін, өмірде бар болуымыздың мақсаты болған ұғым.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет