Сананың қалыптасуы Ислами сана


Нәтижеде адамдар үшін, өмірде негізгі атқаратын мақсаттары мен қосымша нәрселерін белгілеп алулары міндеттілікке айналады



бет8/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Нәтижеде адамдар үшін, өмірде негізгі атқаратын мақсаттары мен қосымша нәрселерін белгілеп алулары міндеттілікке айналады. Бұл айтылғандар жайында ой жүгірте қарау арқылы, өмірде біздің негізгі атқаратын мақсаттарымыз бен қосымша ретінде айналысатын істеріміздің барлығын біледі екенбіз.

Адам баласының өмірде алға қойған мақсаты болып, нәтижеде оған ол қол жеткізе алмаса, оны ол қайғыртады. Ал қосымша деп қаралғандар, оншалықты бізді қайғыртпайды, болса жақсы болар еді деумен ғана шектелеміз.

Мәселен: Адамдар автобуспен Шымкенттен Алматыны мақсат етіп шықты делік. Жолда әртүрлі кедергілер шығып, баратын жеріне кешіге бастаса немесе көздеген жеріне еш жете алмаса, адамдар шу көтеріп, «не болып кетті, неге жете алмай кеттік?» деп даурығып, қайғыра бастайды. Неге қайғыруда? Өйткені Алматыға бару мақсат болғандықтан. Ал егер былай болса, жанағы Шымкенттен Алматыға шыққан автобус, үнемі тамаққа тоқтап жүрген әдетін орындамай, бүгін тамақтанбаймыз деп, асханаға тоқтамай өтіп кетсе, халық у-шу болып даурығып, ойбайлап-байбайламайды. Бәлкім, тамақ ішсек жақсы болар еді, жарайды, тамақ ішпесек те өлмейміз ғой, әйтеуір жетсек болды да деп қоя салады. Қалай болғанда да есіл-дерті мақсатына жету болып, тамақ жемедік деп, қайғырып уайымға салынбайды. Неге? Өйткені тамақ жеу қосымша болғандықтан. Себебі, адамдар үйден шыққан кезде жолда түсіп тамақтану үшін емес, Алматыға бару үшін шыққан болатын. Демек, бұл мысалдардан білеміз – мақсаттарына жете алмау немесе оған қол жеткізе алмау адамдарды қайғыртатынын, ал қосымша деп қаралған нәрселер адамдарды қайғыртпайтынын.


Дәл осы айтылғандар секілді өмірде бізді қайғыртатын және қайғыртпайтын нәрселер бар. Нақтырақ айтсақ, бізді қайғыртуы керек болған және қайғыртпауы керек болған дүниелер бар. Ол дүниелердің не екенің қайдан білмекпіз? Әлбетте оны Жаратушымыз деп білген Алла Тағаланың кітабы Құранға көз жүгірту, әрі Оның елшісі болған Пайғамбарымыздың  (ﷺ) сөздерін тыңдау арқылы біле алмақпыз. Құран кәрімде Алла Тағала: :

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет