Сананың қалыптасуы Ислами сана



бет3/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Пайдакүнемдік сана

Ал енді біз қандай мағлұматтарды басымызда жинадық, не көріп, не естідік, не оқып, не білдік, неге мән бердік әрбіріміз осы мәселеде біраз болсын өзімізге өзіміз сұрақ қойып, ой жүгіртіп қарайықшы. Сәл ойланып, зер салып қарайтын болсақ, біз кешегі кеңес өкіметінің құрып берген қоғамын көріп, оқулықтарын он бір жыл оқып, әңгімелерін естіп өстік. Ал қазіргі таңда капиталистік жүйенің ықпалында өмір сүріп жатқан жайымыз бар. Кешегі кеңес өкіметінің санамызға өшпестей етіп орнықтырып кеткен іздеріне мән беріп қарасақ –
Мыналарды көреміз:

  • «Біздің қоғамда бай – кедей деген бөлінушілік болмайды, барлығы тең болып жасау керек» - деп, кедейлерді байларға қарсы айдап салып, өмірдің заңдылығына кереғар түсінік орнатулары;

  • Еркек пен әйелдің араласып, мәжбүрлі жұмыс істеулері. Сол себепті балабақшалардың құрылуы, қарттар үйінің ашылуы;

  • Қыздар мен ұл балдардың мектепте бірге оқулары;

  • Адамдарға негіздерін ұмыттырып, «аталарың маймылдан жаратылған» деп оқытулары;

  • Арақтың судай ішілуі тағы басқа осы секілділер.

Ал қазір капиталистік жүйенің идиялогиясы біздерге телевизор секілді ақпарат құралдары арқылы насихатталып жатыр. Бұл жүйенің басты ұстанымы – «мынаны алмайсын ба, мынаны кимейсің бе, мынаны ішпейсің бе, жемейсің бе, мына жаққа бармайсың ба» деп, әрі кино, сериял және бейкүнә көрінген мултьфилмдермен дүниенің жарнамасын барынша қайталай – қайталай көрсете отырып, адамдарды дүниеге құнықтырып, өндіру мен тұтыну (түгету) идиалогиясының тышқандары қылып қолданудан тұрады. Осының нәтижесінде адамдар әйел бала-шағаларымен құлқынның қамы деп көшеге шығып жұмыс істеп, отбасылық тәрбиеге мән бермей, тапқан табыстарын, жарнаманың жан-жақты жарқылдаған жылтырақтарына алданып, бет қаратпастан жаратып, беріп жатады. Мұнымен де тоқтамай тапқан табыстары аз көрініп, өзгелерден қалып бара жатқандай сезініп, жетпей жатқан жерлерін кредитпен толықтырғысы келеді. Ойлаған ойларының барлығы, баю мен жағдайларын жасау болады. Бұл, баю мен жағдайларын жасау дерті бастарына кіргеннен кейін, байларын да кедейлерін де, дүниенің еш нәрсесі қанағаттандыра алмайтын болады. Алған сайын ала бергісі, жеген сайын жей бергісі, киген сайын кие бергісі, мінген сайын міне бергісі, болған сайын бола бергісі келеді. Алайда, дүние адамдардың барлығына бірдей нәсіп болмайды, яғни барлығы әдемілікте, сұлулықта, бойшаңдықта, байлықта, денсаулықта т.б бір келкі болмай, әртүрлі болады. Адамдар сынақ үшін жаратылғандықтарын ұмытып, осы аталмыш мәселелерде жарысамын деп бақытсыздықтың батпағына батып, қайғы – қасірет бұлты бастарынан сейілмейтін болады. Негізінде екі идиалогияның басты адамдары бір, әрі белгілі болып, олардың мақсаты – мемлекеттерді, завод, фабрика секілді, ал адамдары сол заводтың жұмысшылары сияқты көріп, өз- мүдделеріне пайдаланудан ғана тұрады. Кеңес өкіметі, әйелдер мен еркектерді күштеп жұмыс істеуге шығарған болса, қазіргі капиталистік жүйе дүниеге барынша қызықтыру арқылы адамдарды әйел бала - шағаларымен жұмыс істеуге көшеге шығаруда.

Әлбетте бұл жерде «жұмыс істеу мен баюдың несі жаман?» деген әрбірімізге тосын сұрақ келуі мүмкін. Әрине бұлар жаман нәрсе емес, бірақ, бір теріс жағы – санамызға бұлардың үкім етуі мен тұрмыстың санамызды билеуі боп тұр.

Бұл капиталистік жүйенің егелеріне өндірген өнімдерін тойымсыз түрде тез тауысып жатсаң - сонша жақсысың. Үстінде бренд, қуғаны мода, қолында кола, салған үйі евро болса – ол нағыз капиталист адам боп, дүниенің алдамшы жылтырақтарына алданып, ойлаған ойы, айтқан пікірі, жасаған ниеті тек қана дүниенің пайдасынан бастау алып, өмірге деген көзқарасы да пайдакүнемдік санаға негізделеді. Бұдан былай бұл адамдар, капиталистік жүйенің қалауына қарай өмір сүреді. Яғни бұлар: кола ішу, гамбургер жеу, бренд киімдер мен бұйымдар алу, үйлерін евро етіп салу үшін өмір сүреді.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет