Сандық цитохимия әдістері


УФ-сәулесін жұту арқылы пуриндік және пиримидиндік негіздерді бөліп алу



бет22/31
Дата07.02.2022
өлшемі68,84 Kb.
#95965
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Байланысты:
Дәріс 1-15 Сандық цитохимия әдістері

УФ-сәулесін жұту арқылы пуриндік және пиримидиндік негіздерді бөліп алу
Сандық және сапалық ДНҚ мен РНҚ-ны бөліп алу үшін, УК-сәулесін жұту әдісі арқылы қолданылуға негізделген, пуриндік және пиримидиндік негіздердің гетероциклдік сақина негізінде УК-сәуле ұзындығы 260 нм толқында жұтылады. Бұл қиын да көп еңбекті қажет ететін әдіс болып табылады. Бірақ оның көмегі арқылы, бірден ДНҚ мен РНҚ ның дифференциалды бөліп алуды жүргізуге болмайды.
Көмірсулы компоненттерді бөліп алу реакциясы
Фельген реакциясы.
Бұл әдіс әлсіз гидролиздің нәтижесінде өңделетін препаратта 1н. HСl әсер етуі арқылы C1-дезоксирибоза атомымен байланысты пуриндік негіздердің ыдырауына негізделген. Соған қарамастан қалыптасқан реакцияға түскіш альдегидті топтар Шифф реактивімен қышқылға төзімді қызылда –қызыл-күлгін түсті бояғыштар береді. Гидролиз жағдайын нақты қадағалау кезінде дезоксирибозаның фосфатты көпірі бұзылмайды, барлық байланыстар қышқылдық қасиеті мен ерімеу процесін сақтап қалады. Қышқылдық гидролиз нәтижесінде РНҚ рибозасынан альдегидтердің қалыптасуы болмайды, бұл кезде практикалық тұрғыдан алғанда, кесіндідегі РНҚ толығымен шайылып кетеді. Фельген реакциясы бойынша дұрыс жұргізу кезінде РНҚ толығымен боялмайды. Бос альдегидтік топтар (плазмали) бақылау тәжірибесінде Шифф реактивімен өңдеу кезінде және тұз қышқылды гидролиз нәтижесінде бөліп алуға болады. Бұл процесс кезінде гидролиз нәтижесінде босаған пентозаның альдегидті топтарын ажыратуғаболады. « Плазмалендік реакция» деп аталатын шындық тек мұздатылған кесінділерде ғана кездеседі.
Фельген реакциясының нәтижесі ол пайдаланылатын қңдеуіш қоспаларға және гидролиз процесінің ұзақтығына байланысты. Өте ұзақ уақытағы гидролиз С3 және С5 эфирлік фосфатты қоспалардың ыдырауына және содан кейін еритін нуклеотидитердің қалыптасуына әкеледі. Түрлі өңдеуіш қоспалар үшін гидролиз процесінің ұзақтығы келесі кестеде көрсетілген:



Нейтральды формалин

8 мин.

Карнуа

8 мин.

80%-тік этанол

5 мин.

Формалин – этанол – уксус қышқылы

7 мин.

Буэну-Аллен бойынша пикриндік қышқыл ерітіндісі

22 мин.

Ценкер

5 мин.

Ньюкомер (өсімдік ұлпасы)

10 мин.

Ньюкомер (жануар ұлпасы)

20 мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет