Пуриндік негіздер
Өсімдік және жануарлар организмдегі зат алмасу процесінде пуринді негіздер бір қатар өнімдер түзеді, соның ішінде маңызды орын алатын зәр қышқылы.
Пиримидинді негіздері нуклеин қышқылдарының құрамындағы цитозин, урацил және тимин- пиримидин туындылары болып табылады.
Тимин цитозин урацил
Пурин және пиримидин негіздері өсімдік және микроорганизмдердің өсуін арттырады.
Нуклеин қышқылдарының екі түрі болады. Олар дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) және рибонуклеин қышқылы (РНҚ). ДНҚ мен РНҚ құрамында айырмашылықтар бар. ДНҚ – ядро құрамында болса, ал РНҚ цитоплазма құрамында болады. ДНҚ-де пурин негізінен –аденин мен гуанин, пиримидин негіздерінен тимин мен цитозин, пентозадан дезоксирибоза болады. РНҚ-де пурин негізінен –аденин мен гуанин, пиримидин негіздерінен урацил мен цитозин, пентозадан рибоза болады.
Цитохимиялық реакциялар арқылы ферменттерді анықтауға болады. Бұл реакцияның жалпы принципі - микроскоп арқылы белокты ферменттердің өздері емес, өнімдердің белсенділіктерін анықтайтын таралу аймақтары көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |