Сандық цитохимия әдістері


Ядрошық, ядро және цитоплазмадағы ұлпалар мен мүшелердің әр түрлі клеткаларындағы РНҚ мөлшерін, сандық қатынасын және локализациясын анықтау



бет5/31
Дата07.02.2022
өлшемі68,84 Kb.
#95965
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дәріс 1-15 Сандық цитохимия әдістері

Ядрошық, ядро және цитоплазмадағы ұлпалар мен мүшелердің әр түрлі клеткаларындағы РНҚ мөлшерін, сандық қатынасын және локализациясын анықтау



РНҚны Браше әдісі бойынша анықтау (фиксаторлар – Карнуа, Бродский және Ценкердыкі).
Бұл әдістің негізі – кейбір негіздік бояғыштардың нуклеин қышқылдарына таңдамалы қосылуында (нағыз әдісте – пирониннің РНҚға және метилді жасылдың ДНҚға).
Гистохимиялық реакцияларды бастамай тұрып, метилді жасылды тазарту қажет, өйткені сатылымда бар препарат құрамында үнемі метилді күлгін қоспа болады, ал ол болса бояу нәтижесін дұрыс бермейді. Ол үшін метилді жасылдың сулы ерітіндісіне хлороформ қосады (немесе амил спирті) және, ыдысты жауып, күштеп шайқайды. Қоспа біраз уақыт тыныштықта тұрған соң онда екі қабат анық байқалады – күңгірт жоғарғы, ол бояғыштың сулы ерітіндісі, және төменгі күлгін – хлороформ, метилді күлгінге боялған. Ерітіндіні аздап төгіп, оған қайта хлороформды қосып, бүкіл процедураны қайта қайталайды. Жууды хлороформ күлгін түске боялуын тоқтатқанша жалғастыра береді. Жуылған және құрғатылған препарат ұзақ уақыт бойы сақтала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет