Сандық цитохимия әдістері



бет6/31
Дата07.02.2022
өлшемі68,84 Kb.
#95965
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Дәріс 1-15 Сандық цитохимия әдістері

Жұмыс ерітінділері.
Ерітінді А: 5% пирониннің сулы ерітіндісі 17,5 мл, 2% метилді жасылдың ерітіндісі 10 мл, 250 мл дистилденген су.
Ерітінді Б: 0,5 М ацетатты буфер рН 4,8 мәндегі.
Қолданбас бұрын А және Б ерітінділерінің бірдей көлемін араластырады (бір аптадан артық сақтамау керек).
Әдіс:

  1. 5-7 мкм қалыңдықты парафинді кесінділерді депарафиндеу.

  2. Метилді жасылдың–пиронин ерітіндісіне салу (100 мин-тан 20 сағ дейін).

  3. Бірнеше секунд ішінде дистилдинген суда шаю.

  4. Фильтр қағазымен құрғату.

  5. Абсолютті ацетон, ацетон мен ксилолдың бірдей мөлшеріндегі қоспасынан, ацетонның ксилолдағы 10% ерітіндісі арқылы өткізу.

  6. Ксилолдың екі порциясында жарықтандыру және бальзамға қатыру.

Нәтиже. Ядрошық РНҚсы және цитоплазма қанық қызыл түсті, ядро хроматині жасыл немесе көк-жасыл.
Боялудың спецификалығын тексеру мақсатында РНҚға бақылау гистохимиялық реакцияны жүргізеді. Ол үшін арнайы өңдеу арқылы кесінділерден РНҚны жояды, осыдан соң метилді көкпен–пиронинмен жоғарыдағы схема бойынша бояуды жүргізеді.
Нәтиже. Пиронинмен бояу жүрмейді, метилді жасылмен – әлсіз.
РНҚны жоюдың ең жақсы әдісі болып кесінділерді 2-3 сағ ішінде 560С температурада рибонуклеаза ферментімен өңдеу. Рибонуклеаза қол астында жоқ болса, кесінділерді 10% суық хлор қышқылына (НСІО4) 3-6 сағ сала отырып, РНҚ экстракциясын жүргізуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет