Белоктарды анықтау (суммалық). Белоктар – аминқышқылдардың табиғи полимерлері, көптеген клеткалық немесе ұлпалық құрылымға кіреді. Онымен пластикалық, энергетикалық, транспорттық және ферменттік процесстер байланысты. Сондықтан, оларды гистохимиялық анықтау клеткалар мен ұлпаларда жүріп жатқан өзгерістерді анықтауға жәрдемдеседі.
Бар әдістердің ішінде кең таралғаны – Даниелли бойынша белоктарды анықтау, ол кеңестік гистохимик М.Г.Шубичпен сәтті модификацияланған.
Даниелли әдісі бойынша белоктарды анықтау (суммалық). (Карнуа, Бродский фиксаторлары, 10% бейтарап формалин).
Бұл әдісте гистологиялық препараттарды алдымен розанилин трис-диазоний (негіздік фуксин) әсеріне ұшыратады, ол ұлпалық белоктардың көптеген аминқышқылдық қалдықтарымен реакцияласады. Бояуды күшету үшін оларды Н-қышқылмен өңдейді, ал ол қышқыл белоктармен байланысқан реакцияға қабілетті трис-диазониймен байланысады. Бояу қанықтылығы ұлпаның құрамындағы белоктың концентрациясымен анықталады.
Жұмыс ерітінділері. Екінормальді (2N) хлорсутек қышқылының ерітіндісі. 20 мл концентрленген хлорсутек қышқылына 80 мл дистилденген су қосады.
Негіздік фуксин ерітіндісі. 4 г негіздік фуксинді 100 мл 2N хлорсутек қышқылында ерітеді.
Натрий нитритінің сулы ерітіндісі. 4 г натрий нитритін (NaO2) 100 мл дистилденген суда ерітеді (ерітіндіні тоңазытқышта сақтауға болады).
Трис-диазонийдің негіздік ерітіндісі. Пробиркаға 2 мл негіздік фуксин ерітіндісін құяды және, пробирканы шайқап тұрып, 2 мл натрий нитраты ерітіндісін тамшылатып құяды. Қоспа 30-60 сек ішінде сабан түстес сары түске ие болады.
Трис-диазонийдің жұмыс ерітіндісі. Трис-диазонийдің негіздік ерітіндісінің 0,5 мл алдын ала 20 мл ацетатвероналды немесе рН 7,9 басқа буфермен буферленген дистилденген судың 100 мл-не қосады.
Н-қышқылдың қаныққан ерітіндісі. Н-қышқылдың 1 г-ын 50 мл ацетовероналды немесе рН 7,9 басқа буферде ерітеді.
Бояу әдісі (парафинді кесінділер). Кесінділерді суға дейін жеткізу.
Трис-диазонийдің жұмыс ерітіндісіне 10-20 мин салу.
Дистилденген суда шайып тастау.
Ацетатвероналды немесе рН 9,2 басқа буфердің әрқайсысында 2 минуттан үш ауысымында шаю.