Қышқыл мукополисахаридтерді анықтау. Қышқыл мукополисахаридтерді Гале (Хэйл) әдісі бойынша анықтау. Коллоидинді темір ерітіндісі. 100 мл қайнап тұрған дистилденген суға араластырып тұрып 8-12 мл 10% темір хлоридінің ерітіндісін құю керек; ерітінді түсі қоңырдан күңгірт қызылға дейін ауысады. Одан НСІ жою үшін диализді жүргізеді.
Сірке қышқылы ерітіндісі – 2М.
Калий гексацианоферраттың қышқылданған ерітіндісі – сары қан тұзы және НСІ.
Әдіс. 5-7 мкм қалыңдықты кесінділерді депарафиндеп, суға дейін жеткізу.
Диализденген темір хлоридінің және 2М сірке қышқылыныңбірдей көлемдерін құйю керек. Осы ерітіндіге кесінділерді 10-15 мин салу.
Дистилденген судың бірнеше порциясында жақсылап шаю.
Жаңадан дайындалған сарғыш қан тұзымен 10 мин ішінде шаю.
Дистилденген суда шаю.
Ядроларды ядролық бояғыштардың бірімен бояу (ашудасты кармин, гематоксилин және т.б.).
Сусыздандырып, жарықтандырып, бальзамға қатыру.
Нәтиже. Қышқыл мукополисахаридтер көк түске боялған, ядролары – қызыл.