Полисахаридтерді анықтау (қышқыл және бейтарап). Полисахардтер – жоғарымолекулалы қанттар, организм ұлпаларында таза түрінде де (гликоген), басқа заттармен байланысқан түрде де кездеседі (мукополисахаридтер, мукопротеидтер, гликопротеидтер). Гликоген организмдегі қант резерві болып табылады және негізінен бауыр және бұлшықеттерде кездеседі. Мукополисахаридер – құрамында компонент ретінде гексозамин бар полисахаридтер. Олар организмдегі шырышты заттардың компоненттері болып келеді, сондықтан осындай атауға ие болған (лат. mucus –шырыш).
Мукополисахаридтерді бейтарап және қышқыл деп бөледі. Соңғысы жануар организмінде өте кең тараған, оларды өз алдына жай (гиалурон қышқылы) және күрделі (мукоитинкүкірт және хондроитинкүкірт қышқылы, гепарин) деп бөледі. Белокпен берік байланысқан мукополисахаридтерді мукопротеидтер немесе гликопротеид деп атайды.
Табиғаты полисахарид заттар қалыпты физиологиялық процесстерді қамтамасыз етеді және патологиялық процесстерде, әсіресе дәнекер ұлпасының ауруларымен байланысты процесстерде алғашқы орынға ие. Сондықтан түрлі полисахаридті компоненттердің өзгеру динамикасын зерттеу зерттеу практикасында үлкен маңызға ие.