В) Түрлі ерітінділерге түсуіне байланысты әдістер Бұл әдіс түрлі иондардың күші және pH-тың тұзды ертінділерімен ақуыздарды экстрагирлеуге негізделген. Ферменттің әсер етуі - ақуыз өнімдерінің шашырауынан немесе микроскопиялық зерттеу кезіндегі ферменттік әсер етуге негізделген гистологиялық препараттағы субстраттың өзгеруімен түсіндіріледі. Осы екінші жолы гистохимиялық әдісте пайдалануға ыңғайлы болып саналған. Препараттағы болатын субстраттың өзгерісі ақуыз молекуласындағы реакцияға тусетін топтардың бөлініп алынуына бағытталған бояу әдісі арқылы, сонымен қатар забуферендік ерітіндімен бояу арқылы да бағаланады. Осыдан басқа да гисто-физикалық әдістер(мысалы, интерференционды немесе полярланған микроскопия) пайдаланылады.