Ақуыздарды гистохимиялық бөліп алу әдісі аминқышқылдардағы реакцияға түсуші топтарға негізделген. Гистохимиялық әдіс арқылы ақуыздар құрылысына жіктеліп тұрған аминқышқылдарды бөліп алуға болады. Қарапайым аминқышқылдары және төмен молекулалы ақуыздар өңдеу және құю процесі кезінде ұлпадан бөлінеді. Бұл әдістер аминқышқылдарының құрамы жайында, аминқышқылдарының реттелуі жайлы және ақуыз молекулаларының көлемі мен орналасуы жайлы ақпараттармен қамтамасыз етпейді. Ақуызды идентификациялау үшін бұл әдістер тек қана, бөлініп алатын жоғары концентрациядағы реакцияға түсетін топтардың болуымен және осы арнайы маманданған ақуыздың сипатының белгілері ретінде қызмет етуі мүмкін. Кератинтәрізді құрылымдар үшін дисульфидтік топтардың жоғары концентрациясы тән. Жалпы ақуызды зерттеу үшін соңында аминдік- және карбоксильдік топтармен аяқталатын бөліп алу әдістері ұсынылады.
Бояу реакциясының көмегі арқылы келесідей реакцияға түсетін топтар мен ақуыздардағы амиқышқылдарды бөліп алу мүмкіншілігі болады:
Соңғы аминдік топтар а- аминдік қышқыл (-CH2-CHNH2.COOH)
Соңғы немесе бүйіріндегі карбоксильдік топтар ( COOH)