Судан ІІІ сынамасы. Оны дайындау үшін құрамы: Бірінші ерітінді: Судан ІІІ 0,01 г 5 мл 96% спиртте сұйылтылып, 5 мл глицерин қосамыз. Екінші ерітінді: Судан III 0,1 г 20 мл 70-90% алкогольде сұйылтылған. Сынау алгоритмі: 1. Реактиві бар сауытты атауына сәйкестігін, жарамдылық мерзімін, концентрациясын және оның жарамсыздығы белгілерінің болмауын тексереміз. 2. Стерильді пинцетпен стерильді науаға зерттелетін құрал-сайманды саламыз. 3. Судан III реактивін пипеткаға немесе шприцке тереміз 4. Оны мақта шарына жағамыз. 5. Мақтада бірнеше секундтан кейін түрлі-түсті реакция болмаса, ол зерттелетін құралды сүртеміз. 6. 10 секундтан кейін әрбір тексерілетін құрал жабдықтарды ағынды сумен бояғышынан шайамыз. 7. Егер құрал жабдықтарда майлы ластанулар болған кезде 1 минут ішінде сары бояу пайда болады. Оң сынама құрал жабдықтар жарамсыз екенін көрсетеді. 8. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді
Судан ІІІ сынамасы.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. 1. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. 2. Жуу ерітіндісі қалып қойса 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. 3. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында процедураны қайтадан қайталау керек. Егер «Прогресс» «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.
Фенолфталеин сынамасы
Қолды өңдеу
Қолды жуу үш деңгейге бөлінеді.
1. Әлеуметтік: қолды 10 – 30 секундыға дейін сабын – сумен жуу.
- әр бір манипуляция алдында, артында,тамақ ішер алдында;
- халы нашар пациенттерді тамақтандыру алдында;
- тағамдармен жұмыс істегенде,пациенттерге күтім жүргізгенде;