ОПВ вакцинасын егу
Мақсаты: полиомиелиттің (сал ауруының) алдын алу.
Көрсеткіші: егу кестесі бойынша жасының сай келуі
Кері көрсеткіші: 38С қызбамен өтетін вирусты инфекциялар, ұзақ уақыт гормондармен емделудегі балалар, терідегі асқынған іріңді жаралар, СПИД.
Керекті құралдар:
-
Мақта домалақтары,салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел.
-
ОПВ вакцинасы.
-
70% этил спирті.
-
Стерильді лоток.
-
резіңке қолғап.
-
Қолданылған заттарды тастайтын дез ерітіндісі бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.
-
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
-
Керекті құралдарды дайындау.
-
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.
-
Қораптан вакцина флаконын алу. 70% спиртке матырылған мақта домалағымен вакцина флаконын өңдеу.
-
Қолданылған мақта домалағын дез.ерітіндіге тастау.
-
Пинцетпен флаконның алюмин қалпағы мен резеңке тығынын алып тастау.
-
Қораптан арнайы тамызғышты алып, флаконға кигізу.
-
Баланы ыңғайлы жағдайда отырғызу (анасының алдына) немесе арқасына жатқызу.
-
Баланың ауыз қуысының шырышты қабатына вакцинаның керекті дозасын тамызу (қолданылған препараттың дозасына байланысты 2 немесе 4 тамшы).
-
Тамызғышты ауыстыру.
-
ОПВ флаконын тоңазытқышқа қою.
-
Қолданылған тамызғышты дез.ерітіндіге тастау.
-
Қолғапты шешіп оны дез ерітіндіге тастау.
-
Қолды жуып, кептіру.
-
Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.
Жұқпалы ауруларда науқасты оңашалау уақыты және қарым-қатынаста болғандарға жүргізілетін шаралар
Жұқпалы ауру
|
Науқасты оңашалау уақыты
|
Қарым –қатынаста болғандарға жүргізілетін іс - әрекеттер
|
Менигококты инфекция
|
Клиникалық сауығуға дейін
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |