Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет117/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Нәтижені бағалау: Қалыпты жағдайда микробтар саны 100 000-ға дейін
Ескерту:

  • Қыс кезінде зәрді зертханаға жылытқышы бар бикспен жіберіңіз.



Мұрын және ауызжұтқыншақтан жұғын алу
Мақсаты: мұрын ауызжұтқыншақтан бактериологиялық зерттеуге материал жинау.
Көрсеткіші: балада менингококкты инфекцияның, күл т.б. жұқпалы аурулардың болуы
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:

  • Жарық көзі, орындық.

  • Резеңке қолғап, маска.

  • Стерильді пробиркалары мен құрғақ шариктері бар штатив.

  • Стерильді шпатель.

  • Зертханаға жолдама-бланк.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) деп белгілеу.

  5. Баланы жарыққа қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аяғын көмекші өзінің аяқтарымен қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолымен баланың басын аздап шалқайтып маңдайына басады.

  6. Пробирканы штативке орналастырып, сол қолға шпательді алып баланың аузын ашуын сұрау, шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау.

  7. «Ж» тампонды ауыз қуысының шырышына тигізбей ауыз қуысына енгізу.

  8. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерінен шырышты келесі реттікпен алу: доға-бадамша бездер-тілшік.

  9. Тампонды ауыз қуысынан абайлап шығару, сыртынан тигізбей, абайлап пробиркаға салу.

  10. Мұрыннан жұғын алу кезінде сол қолдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу керек. Тампонның мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісуін қадағалау керек.

  11. Тампонды пробиркалардың қабырғаларына тигізбей салу.

  12. Қолғап киілген қолдарды жуу және антисептикпен өңдеу, масканы және қолғапты шешу, қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

  13. Материалды зертханаға тез арада, немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың ішінде жеткізу.

Ескерту. 1. Жұтқыншақта қабыршақ болса немесе күл ауруына күдік болғанда жұғынды сау және зақымданған тіндердің шекарасынан алу қажет.
2. Ауызжұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан бұрын, ауыз қуысын шаюдан бұрын алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет