Қақырықты туберкулез микобактериясына жинау
Мақсаты: бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау.
Көрсеткіші: балада туберкулездың анықталуы.
Кері көрсеткіші: жоқ
Іс-әрекет алгоритмі:
Сырқатты тыныштандырып, тексеру себебін түсіндіріңіз, сонымен бірге қақырықты өкпенің терең бөлімдерінен түсіру керектігін айтыңыз.
Сыртына аты-жөні, медициналық мекемесі жазылған ашық түкіргішті беріңіз.
Сырқаттың артқы жағына тұрып, түкіргішті аузына жақындатып, 3 рет терең демалу жасауын, қатты жөтеліп, қақырықты түкіргішке түкіруін сұраңыз.
Жеткілікті мөлшерде жиналғанына көз жеткізіңіз (3-5 мл), құр түкірік емес, қақырық екеніне көз жеткізіңіз Егер қақырық дұрыс жиналса, түкіргіштің қақпағын жауып, арнайы ыдысқа немесе бикске орналастырыңыз.
Қолыңызды қолғапта сабынмен жуыңыз.
Сырқатқа түкіргіш беріп, келесі күні таңертен таңғы порцияны дұрыс жинауды түсіндіріңіз. Жинаған қақырық лабораторияға тексеруге 1 тәулік аралығында жеткізілуі тиіс, кей кезде емдеу мекемесінде 2 тәулік, тоңазытқышта 7 күн сақталады.
Ескерту: Әр күмәнді сырқаттан 3 рет байқауға алынып, тексеруге жіберіледі:
1-ші байқау: Сырқат ауруханаға бірінші рет шағым білдіріп келгенде, таңертең медицина қызметінің бақылауымен жиналады. Келесі күнге сырқатқа ыдыс беріледі
2-ші байқау: Қақырық келесі күні таңертең үйде жиналады, лабораторияға жеткізіледі.
3-ші байқау: Қақырық сол күні медициналық қызметінің бақылауымен жиналады. Қақырық бөтен адамдарсыз медициналық қызметінің бақылауымен ашық ауада, егер жағдай жоқ болса, жақсы желдетілген бөлмеде (ішінде желдеткіш, кварц лампасы бар) жүргізіледі.
Жұмыс орнында темекі шегуге, тамақ ішуге болмайды. Қолданған, былғанған заттар бірден залалсыздандырылуы тиіс (5 % хлорлы ері-е 4 сағатқа).
Достарыңызбен бөлісу: |