Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет120/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020

Нәтижені бағалау: ас қорытылуының бұзылыстарында нәжісте қорытылмаған ет талшықтары анықталады.
Ескерту: Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде зертханаға жеткізілу керек.


Нәжісті құрт жұмыртқаларына жинау
Мақсаты: гельминтоздың қоздырғышын анықтау және одан ары емдеу.
Көрсеткіші: ауруханаға түскен баланы тексеру, алдын алу тексерісін жүргізу.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Таза құрғақ шыны ыдыс.

  • Таза ағаш шпатель.

  • Резеңке қолғап, дез.ерітінді.

  • Горшок.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

  4. Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.

  5. нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза ағаш шпательмен салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады. 1 жасқа дейінгі баладан-15-20 гр. Үлкен баладан-100-200 гр.

  6. Шпательді дез.ерітіндіге салу.

  7. Жолдама толтыру.

  8. Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткізу.

  9. Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.

  10. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде зертханаға жеткізілу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет