Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу Мақсаты: кіндік жарасының гигиенасы.
Көрсеткіші:Кіндік жарасының қабынуы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу. Баланы үстелге жатқызу.
Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.
Кіндік жарасына пипеткамен 1-2 тамшы 3% су асқын тотығын тамызу. 30-40 секундтан соң пайда болған «көбікті» іштен сыртқа қарай стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау.
Кіндік жарасын керек жағдайда 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).
Баланы төсекке жатқызу.
Жөргектейтін стөлден жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу.
Жұмыс үстелін дез.ерітіндімен сүрту.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.