Ескерту: шараны тәулігіне 3-4 рет қайталау.
Нәтижені бағалау
бет 56/130 Дата 07.02.2022 өлшемі 6,53 Mb. #84776 түрі Сабақ
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 Ескерту : шараны тәулігіне 3-4 рет қайталау.
Нәтижені бағалау: кіндік жарасы таза , құрғақ.
Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою
Мақсаты: ішектегі газды сыртқа шығару.
Көрсеткіші: метеоризм, тоқ ішекке ауаның жиналуы.
Кері көрсеткіш: жоқ.
Керекті құралдар:
Вазелин майы.
Резеңке қолғап, алжапқыш.
Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.
Сүлгі.
Жел шығарғыш түтікше.
Суы бар ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу , құрғату, резеңке қолғап кию.
Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.
Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау.
Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан , аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.
Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында1-2 см. енгізу, өткен соң омыртқа жотасына қарай жылжыту.
Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу.
Баланың іші сағат тілінің бағытында сипалау.
Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтаған соң , түтікшені салфеткамен ұстап шығару.
Клеенка, жөргекті дез.ерітіндіге салу
Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, табиғи қыртыстарын майлап баланы киіндіру.
Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.
Қолғапты шешіп қорапқа салу , қолды жуу және құрғату.
Ескерту: Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі жаңа туған нәрестеге-6-8 см.
Достарыңызбен бөлісу: