бет 57/130 Дата 07.02.2022 өлшемі 6,53 Mb. #84776 түрі Сабақ
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 Нәтижес ін бағалау: баланың іші басылып , бос демалады.
Баланы жылытуға 3 жылытқышты қолдану
Мақсаты: Шала туылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету:
Көрсеткіші: шала туылғандықтың 1-ші дәрежесі.
Кері көрстекіші: дене қызуының көтерілуі.
Керекті құралдар:
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу , құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Жылытқышты 2/3 бөлігіне дейін сумен 55-650 С толтыру.
Жылытқышты қолмен жайлап басу арқылы ауасын шығару , аузын мықтап жабу.
Жылытқыштың аузын төмен қаратып , аузының толық жабылғанын қадағалау.
Сол әдіспен тағы да 2 жылытқышты дайындау.
Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен орау.
Жөргектелген баладан 2см қашықтықта жылытқыштарды қою: 2 кеудесінің екі жағына , 1 табанының жанына.
Баланы жылы көрпешемен жабу (көрпе астындағы температура 28-300 С-тан кем болмау керек), астына термометрді салу.
Жылытқыштарды міндетті түрде кезекпен суығанына байланысты ауыстыру.
Көрпенің астынан термометрді алып , ағынды сумен жуып ,қорапшаға салу.
Жылытқыштардың ішіндегі суды төгіп , сыртын дез.ерітіндімен залалсыздандыру.
Қолды жуу және құрғату.
Достарыңызбен бөлісу: