|
Сарсенгалиева Г. Н. "Өмір,қымбатсың маған!" Сыныбы: 7"А". Пәні:Өзін-өзі тану
|
Дата | 11.01.2017 | өлшемі | 7,32 Kb. | | #7009 |
| - Сарсенгалиева Г.Н.
- “Өмір,қымбатсың маған!”
- Сыныбы: 7”А”.
- Пәні:Өзін-өзі тану.
- Серебряково ОЖББ мектебі
- 2014-2015 оқу жылы
Мақсаты: - Оқушыларға өмірдің қымбаттылығын
- ақиқат ұғымы негізінде ұғындыру.
Міндеті: - - Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету;
- - Адамдардың бір – бірімен қарапайымдылық
- арқылы қарым-қатынас жасау іскерліктерін
- дамыту;
- - Әрқашанда адал болуға тәрбиелеу.
Тыныштық сәті Үй тапсырмасын тексеру - Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап -
- қарадан» атты өлеңін оқу.
- Сұрақтар:
- 1. Өмір неден тұрады?
- 2. Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?
- 3. Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
- 4. Өлең мазмұнында шындық туралы не айтылған?
- - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-
- Өтіріктің балын жұтып тірі жүргенше,
- Шындықтың уын ішіп өлген артық.
- Бауыржан Момышұлы
- Әңгімелеу
-
- (Мұғалімнің сыйы)
-
-
- Бір жұлдызды құтқару(Аңыз әңгіме)
- - Баланың жасап жатқаны туралы не айтасыңдар?
- - Баланың жасаған ісінің қандай мәні бар?
Топпен ән айту - Топпен ән айту
- ӨМІРІҢЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМА
- Сөзі: Серік СЕЙІТМАН
- Әні: Сәкен ДӘРІБАЕВ
- Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
- Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
- Өміріңе немқұрайлы қарама
- Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.
-
- Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
- Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
- Өміріңе немқұрайлы қарама
- Шақша басың айналса да бақыттан.
Қайырмасы: - Қайырмасы:
- Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
- Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
- Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
- Өміріңе немқұрайлы қарама.
-
- Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
- Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
- Өміріңе немқұрайлы қарама,
- Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.
-
- Сын сағатта сақтау үшін өз басын
- Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
- Өмірңе немқұрайлы қарама
- Айдын көлге айналса да көз жасың.
- Үй тапсырмасы
-
- Дәптердегі 25 – сабақ, 47 беттегі 1 – тапсырма.
- 26 – сабақ. "Қызыққа толы қас қағым" (оқып, сұрақтарға жауап беру)
- Соңғы тыныштық сәтi
- - Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, жақсы тілектерді жақындарымызға, достарымызға сыйлайық, әрқашанда шындықты айтайық.
- Көздеріңізді ақырын аша қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңіз қуанышқа, бақытқа толы болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|