Сатыбалдиев Дидар Қайратұлы Тақырыбы: XX ғасыр басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет21/22
Дата31.01.2022
өлшемі110,46 Kb.
#116526
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Дидар дип работа
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар статья 1, abuev
ІІ топтың тапсырмасы:

1. Тапсырма:Мәтінді оқып,картамен түсіндіріп бер.

2. Кеңес үкіметінің жүргізген шаралары.

3. Қателіктер мен асыра сілтеушіліктер.

4. .”Қосшы одағы” Кімдер мүддесін қолдау үшінқұрылды?
ІІІ топтың тапсырмасы:

1. ЖЭС мазмұны мен мәнін қалай түсінесіңдер?

2. ЖЭС-тің алғашқы жылдарында Қазақстан еңбекшілері қандай табыстарға қол жеткізді?

3. ЖЭС-тің қиыншылықтары мен табыстары:


Топтастыру.

Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесі.

ҮІ Үйге тапсырма. §10.

ҮІІ Бағалау. Қортынды.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан тарихының аса өзекті саналатын, зерттелуі жағынан толыққанды тұжырымды қажет ететін кезеңінің бірі, осы диплом жұмысында қарастырылған 30-шы жылдар ойраны, яғни, 1932-1933 жылдардағы зұлмат ашаршылық «нәубет» кезеңі. Кеңес үкіметі құрылғаннан бастап әсіресе қызыл тап күресін шиеленістіріп, голощекиндік ұр тоқпақтар өзінің қолдарынан келген зұлымдықтарын жасап бақты. ХХ ғасырдың басында жаңа ғана қалыптасып, буыны беки қоймаған қазақы буржуазияны сонау ХVIII ғасырдың басында І Петр заманында негізі қаланып қойған орыс буржуазиясы ХХ ғасыр басында әбден пісіп жетіліп, енді ғана бас көтере бастаған қазақ буржуазиясын өз жолынан оңай ысырып тастай алды. Осы орайда патшалық биліктің құлауы, самодержавиелік биліктің жойылуы өз үстемдіктерін орнатуға жанталаса ұмтылған ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қалыптасып қойған большевиктік топ шоғыры 1917 жылғы оқиғаларды тиімді пайдалана білді. Әуел баста билік басына «кедей таптың» мүддесін көздеген түрлі уәделермен келген большевиктік билік басшылары төр басына шығып алысымен-ақ ойларына келгенін жүзеге асыра бастады.

Кеңестік биліктің алғашқы қастығы 1921-22 жылдардағы салық саясаты арқылы қазақ халқын аштыққа ұрындыруы. Патшалық биліктің тікелей мұрагерлері саналатын кеңес билігі алғашқы берген уәделерінен оңай тайқып шықты. Қазақ халқын қолдан жарды. Яғни, «кедей тап пен бай тап» деген желеумен 1928 жылдың желтоқсанында «Аса ірі байлар мен кулактарды жер аудару және тәркілеу» туралы декрет шығарып, қазақ халқының есіне өшпес қасірет әкелген зұлматтың бір пұшпағын шығарып берді. Бұл істің басы ғана еді.

Осыдан кейін Қазақстанда кеңестердің қызу идеологиялық шаралары жүзеге аса бастады. Мұның басы қазан төңкерісін әсіре дәріптеу. Осыған байланысты (яғни 1917 жылғы қазан төңкерісіне) қазақтың біртуар азаматы, қазақ ұлтының «Оянуына» өлшеусіз үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы «Сарыарқа» газетінде басылған мақаласында «Қазақтар ақпан төңкерісін соншалықты түсінді, ал қазан төңкерісін түсінбеді» деп жазған болатын. Яғни, қазан төңкерісі кімнің мүддесі үшін болды деген сұрақ туындайды, әрине ол – орыс буржуазиясының талап-тілектерін орындау, орыс мүддесі үшін болған революция. Мұны 1925 жылы республика билігіне келген Ф.И. Голощекин өзінің сұрқия ісіне тағы да тиімді пайдаланды. Қазақстандағы билік басын келе салысымен ол елде «Кіші Қазан» идеясын ұсында бұл сол кездегі көсемдердің бірі Сталин тарапынан «өте дұрыс» деген қолдау тапты. Ол идея сол ұсыныс жасалған сәттен бастап Голощекин республика басшысы қызметінен кеткенге дейінгі кезең 1933 жылға дейін насихатталды. Соның салдарынан елде тап күресі басталып, оның ақыры алапат аштыққа әкелді.

Біз жоғарыда айтқанымыздай адамзат өзінің тарихи эволюциялық дамуы барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды дедік. Оның біріншісі – адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі – өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйенің билігіне нұқсан келтіреді. Өкімет нарықтық қатынастарды босатудың аса маңызды тұсы сауда еркіндігіне жол беру болды. Алайда мемлекет алғашқыда идеологиялық сарынмен айырбас саласына өз бақылауын орнатуға тырысты. Ол бірнеше ай бойы қала мен ауыл арасында жергілікті тауар айырбасын ұйымдастыруға әрекет жасады. Сөйтіп айырбас операцияларының арасындағы делдалдық қызметті Кеңес үкіметінің басшылығы, бақылауымен және тікелей тапсырмасымен жұмыс істеген кооперация атқарды. Мемлекет арнаулы декретпен (1921 жылғы 7 сәуір) оған «азық-түлік органдарының фабрика-зауыт және қолөнер кәсіпшілігі бұйымдарын дайындау мен ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастау салаларындағы міндетті тапасырмаларын орындауды» жүктеді, «барлық азық-түлік өнімдерін, мемлекет дайындаған және национализацияланған фабрикалар мен зауыттардан алынған... сонымен қатар шет елден әкелінген көпшілік қолды тауарларды бөлу» тек солар арқылы жүзеге асырылды. Декретте «РКФСР-дің барлық азаматтары тұтыну қоғамына бірігеді», ал «әрбір азамат тұтыну қоғамы пункттерінің біріне жазылады» деп атап көрсетілді.

Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды. ЖЭС негізінен қазақ халқы үшін 1921-22 жылдардағы дағдарысты жағдайдан шығу шараларының ең бір жемістісі болды. Мұның дәлелі, 1925 жылға қарай өнеркәсіп өнімдерін өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 5-6 есе өсті және соғысқа дейінгі мөлшердің шамамен үштен екі бөлігіндей деңгейге жетті. Өнеркәсіп орындарының 60 %-ы іске қосылды.

Алайда БК (б) П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз қажет. ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.

Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың оң үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.

20-жылдардың аяғында төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.

Өз кезегінде саяси науқандар қызу жүріп жатты. ЖЭС тарихи кезең ретінде өз мүмкіндігін аяғына дейін ашып көрсете алмай, нәтижесіз аяқталғаннан кейін, индустрияландыру науқаны жүзеге асырыла бастап оған да түрлі салықтық көмек деген желеумен халықтық жәрдем ұраны тасталды. Жаппай ұжымдастыру басталмаған 1926-1929 жылдары ауыл шаруашылық салығы 2, 3 есе өссе, салықтың бүркеншік түрлеріне кіретін «өзге кірістер» - 4 есеге жуық артқан. Бұл салықтың күйзелту құралы болғанын айқындайды. 1930-1931 жылдары отырықшыландыру мен ұжымдастыру басталғанда онсыз да әлсіз шаруашылықтар аштық пен босқынға ұшырауының алғы шарттары осылай жасалды.

Қазіргі кезде Отандық тарихшыларымыз Т. Омарбеков бастаған зерттеушілер қазақтың аштыққа ұшырауының негізгі және басты себебі – дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуі деген қорытынды тұжырымды дәлелдеді. Ал шетелдік зерттеушілер мұның басты себептерінің бірі ретінде Қазақстанда осы жылдары болған табиғи құрғақшылықты және оның нәтижесінде орын алған жұтты алға тартады. Айта кетер нәрсе, осы жылдары егіннің шықпай қалуы және жұттың орын алуы туралы көзқарастың бастауында Ф. Голощекиннің өзі тұр. Ол қазақ ауылында орын алған ашаршылықтың басты себебін осылардан іздеген болатын. Сонымен бірге, жұқпалы аурулардың таралуын да ашаршылықтың басты себептерінің бірі ретінде көрсететіндер бар.

Қазақстандық тарихшылардың көпшілігі жалпылама түрде 1930-1933 жылдардағы ашаршылыққа күштеп ұжымдастыру науқанын кінәлайды. Мұндайда күштеп ұжымдастырудың бүкіл елде орын алғанын, алайда ашаршылықтың Қазақстан, Украина, Еділ бойы тәрізді жекелеген аймақтарда ғана орын алғанын ұмытпаған жөн. Ұлт зиялыларының арасында мұрағат қойнауларындағы деректермен терең таныспай, үстірт пікір айтатындар бар. Олардың бір бөлігі И. Сталин мен Ф. Голощекин қазақ халқын жер бетінен жойып жіберу үшін қасақана қырғын ұйымдастырды деген пікір айтады. Алайда зерттеуші Т. Омарбековтың айтуынша Мәскеудің құпия нұсқауларынан мұндай пиғылдарды кездестіре алмайсыз дегенді айтып жүр.

Украина билігі өздеріндегі аштықты «халықты (украин халқын) қыруға бағытталған қолдан жасалған «нәубет» (геноцид) деп саяси баға берді. Ал, біз өкінішке орай, осы ұлы нәубетті әлі толық зерделей алмай отырмыз. Бұл қолдан жасалған нәубет пе, әлде бар болғаны соңы адам қырғынына әкеліп соққан табиғат апаты ма? Неліктен, осы қырғында қазақ көп қырылды? Біз қарастырған дипломдық жұмыста қазақтың аштыққа неліктен ұшырағаны, неге қазақтың көп қырылғыны турасындағы түрлі пікірлері топтастырдық.

Қорыта айтсақ, қазақтың этноциді армияндардың 1915 жылғы геноциді, украиндардың 1931-1934 жылдардағы голодоморы, еврейлердің 1935-1945 жылдардағы холокосы сияқты, өткен ХІХ ғасырдағы әлем халықтарының бір трагедиясы ретінде БҰҰ тарапынан мойындалуы керек. Бұл өткенге тағзым болмақ. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық мың өліп, мың тірілген қазақтың бүгінгі және келешек ұрпағы тағзым етер, тағылым алар қастерлі тарихы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет